Жексенбі, 12 мамыр, 04:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
37-2047
11.05.2024
PDF мұрағаты

Аса ауыр қылмыстық айыппен Мәсімов ісі сотқа жолданды

26.12.2022

631 0

Нұрлан Мәсімовтің ісі сотқа берілді, – деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі.

Ведомство мәліметінше, Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық Полиция департаментінің бұрынғы бастығы полиция генерал-майоры Н.Мәсімовке, оның орынбасары Д.Сиразидимовке және кәсіпкер Е.Евковичке қатысты ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасады деген күдікпен соталды тергеуді аяқтады.

Мәсімов пен Сиразидимов мемлекеттік сатып алуды өткізу және үлестес компаниялармен келісімшарттарға қол қою кезінде қамқорлығы үшін 90,3 миллион теңге сомасында пара алды деп айыпталып жатыр.

Сондай-ақ, олар арттехқару-жарақ сатып алуға арналған 420 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын ұрлады деп айыпталып жатыр.

Биыл 22 желтоқсанда облыс прокуратурасы айыпталушыларды сотқа берді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: