Сенбі, 04 мамыр, 04:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

«Даму» қоры халық игілігіне жұмыс істейді

31.10.2023

389 0

Бизнеске мемлекет тарапынан қолдау көрсету өңірдің ғана емес, тұтас елдің кәсіпкерлік секторын дамытуда маңызды рөл атқарады. Бүгінде өңір кәсіпкерлері «Даму» қоры арқылы 34 млрд теңге көлемінде несие рәсімдеген. Бұл шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда үлкен септігін тигізбек.
Өңірлік комуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен баспасөз турында «Даму» қоры арқылы мемлекеттен қолдау алған кәсіпорын жұмысымен танысып қайттық.

Баспасөз тур аясында БАҚ өкілдері алдымен «Абай Дәулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болып, картоп өнімінен шығарылатын цех жұмысымен танысты.
Кәсіпкер инвестициялық мақсаттарға, картопты қайта өңдеу бойынша жабдықтар сатып алуға несие ресімдеп, «Kaz Fries» мұздатылған картоп өндіру зауытын іске қосты.
Алдымен картоп сорттары бөлініп, арнайы техника көмегімен туралып, қаптамаға салынады. Содан соң сауда орындарына сатылымға шығарылады. Кәсіпорын ауыл шаруашылық өнімдерінің барлық түрін өндіреді. Оның ішінде мал шаруашылығы және құрылыс материалдарын өндірумен де айналысады.
– Биыл «Абай Дәулет» компаниясы 600 млн көлемінде фри зауытын құрды. Әртараптандыруға байланысты көптеген жерлерге картоп егіп жатырмыз. Қазіргі таңда зауыт қуаттылығы тәулігіне 5 тонна өнім шығаруда. Компания «Даму» қоры арқылы осындай қолдау көріп отыр. Шығарылған өнімдер қаланың кез келген сауда орнына уақытылы жеткізіліп отыр, – дейді кәсіпорын директоры Мұрат Сәрсенбаев.
Халық денсаулығы күн тәртібіндегі түйіткілді мәселеге айналғаны қашан. Адам денсаулығы қоғам байлығы болып саналады. Қала орталығында бой көтерген «Сана-Сезім» ЖШС – медициналық қызмет көрсетумен айналысады.
Кәсіпкер 2016 жылдан бастап жұмыс медицина саласы бойынша жүйелі түрде жұмыс жасап келеді. Мұнда ересектер мен балаларға арналған бірегей емдеу-сауықтыру бағдарламалары қолданылады. Бұл нысан науқастардың иммунитетін табиғи түрде қалпына келтіруге негізделген жалғыз клиника саналады. Өткен жылы «First Heartland Jusan Bank» АҚ арқылы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жеке медициналық жабдықтары сатып алынды.
Клиника құрылтайшысы Раушан Базарбаевның айтуынша, бүгінде тіркеліп қаралушылар саны бес мың адамға жуықтаған. Толық медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мемлекет қолдауы нәтижесінде халыққа қажетті қызмет сапасы артып келеді. Бұл әлеумет дамуындағы үлкен өзгеріс.
Сыр еліндегі серпінді оқу ордасының бірі – құрылыс және бизнес колледжі. Колледж «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында қосымша құрылыс салуға бағытталған қаржыландыруға ие болды. Нәтижесінде колледж 1600 шаршы метрден 2500-ге дейін ұлғайтылды. Жаңа кабинеттер саны артып, қажетті құралдармен қамтылды. Заманауи кітапхана пайдалануға берілді.
– Мұнда бүгінде 100-ге жуық ұстаз еңбек етсе, 500-ге жуық студент түрлі мамандықтар бойынша білім алуда. «Даму» қоры арқылы жеңілдетілген несиеге қол жеткіздік. Соның нәтижесінде жұмыс жеңілдігі артып, жаңа нысан жастардың алаңсыз білім алуларына қолайлы жағдай жасап отыр. Мемлекеттен 19 пайыз көлемінде несие рәсімдеп, соның 13 пайызын «Даму» қоры төлеп отыр. қалған 6 пайыз қаражатты өз есебімізден төлеп келеміз. Бұл жаңдан кәсіп бастаған тұлғаға үлкен қолдау, дейді колледж директорының орынбасары Естөре Құлтаев.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры – «Бәйтерек» Ұлттық холдингінің мемлекеттік даму институты. Қордың мақсаты – Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамыту. Өңірлік филиал директоры Айдос Жылқайдаров атқарылған жұмыс барысына атап өтіп, алдағы жасалар жобаларға тоқталып өтті.
– Қазіргі таңда Қызылорда облысы бойынша кәсіпкерлер саны артып келеді. Оған яғни бизнестің дамуына елеулі үлес қосып жатқан «Даму» қоры болып табылады. Бизнесті қолдау және дамыту бағдарламаларын жүзеге асырып бастағаннан бері облыс бойынша 6 мыңдай жобаға «Даму» қоры тарапынан қолдау көрсетілді. Оның ішінде биылғы жылдың өзінде 700-дей жоба оң шешімін алды. Қор арқылы қолдау тапқан әрбір жоба өңір дамуына және жаңа жұмыс орындары ашылуына айрықша септігін тигізбек, – деді «Даму» қоры аймақтық филиал директоры.


Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ,
«Сыр бойы»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: