Бейсенбі, 04 шiлде, 09:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52-2062
02.07.2024
PDF мұрағаты

Маман сергек ұйықтауға жастық тыстарын ауыстырудың қаншалықты әсер ететінін айтты

22.08.2022

1604 0

Eachnight Mattresses ұйымының ұйқы бойынша сарапшысы Малик Карман таза төсек-орынның ұйқының сапасына оңтайлы әсерін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Маман лас жастық пен жайма безеу немесе аллергия тудыруы мүмкін екенін атап өтті. Бұл өз кезегінде, ұйқының сапасына кері әсерін тигізеді. Ол төсек-орындарды үнемі ауыстыру өте маңызды екенін түсіндірді. Оның пікірінше, жастық қаптары мен төсеніштер аптасына бір рет жуылуы керек. Маманның пікірінше маталарды кір жуғыш машинада айналдыру жиналған аллергендерден арылуға көмектеседі. Ол жастықтарды төрт-алты ай сайын жууды ұсынады. Ал матрас төсенішін оның пікірінше, екі ай сайын жуған жеткілікті.

«Ереже мынада, үлпілдек болатын жастықтарды кір жуғыш машинада да жууға болады. Жастықтар тер мен майды губка сияқты өзіне сіңіріп алады. Сондықтан лас төсек-орындарда ұйықтау шынымен денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін», – деді Карман.

Сарапшы сонымен қатар кейбір адамдарға мұның әсері болмаса да  аллергиямен ауыратындар үшін өмір сүру сапасына айтарлықтай әсер ететін белгілердің күшеюі мүмкін екенін түсіндірді.

Ұлттық ұйқы қорының сауалнамасы адамдардың 71 пайызы түнде таза, жаңа хош иісті төсек-орнында жақсы ұйықтайтынын көрсетті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: