Сәрсенбі, 01 мамыр, 01:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Елімізде тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген азаматтарға айыппұл салынады

21.09.2022

682 0

«Азаматтарға арналған үкімет» порталының сайты. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елімізде әр азамат тұрғылықты жері бойынша тіркеуде тұруы тиіс. Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға тұрғылықты жері бойынша тіркелмегені үшін айыппұл бар екенін еске салады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомство мәліметінше, соңғы уақытта азаматтардың тұрғылықты жері бойынша ресми тіркеусіз тұру фактілері жиілеп кеткен. «Заң бойынша әр азамат жеке тұрғын үй болсын, жалға берілетін немесе тұрақты тұратын басқа тұрғын үй болсын, өзі тұратын жерде тіркелуі керек. Әйтпесе, тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеуі жоқ адамдарға кейбір мемлекеттік қызметтерді пайдалану кезінде шектеулер қолданылады. Сондай-ақ азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркеусіз тұрғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 492-бабында 7 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға дейін жауапкершілік көзделген. Бүгінгі күні ол 21 мыңнан астам теңгені құрайды. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті барлық азаматты заңға бағынуға шақырады. Меншік иесі сізді тіркеуден шығарып тастаған жоқ па, үнемі тексеріп отырыңыз. Тіркелген жеріңізді қараңыз. Егер сіз тұрғылықты жеріңізді өзгерткен болсаңыз, онда жаңа тұрғылықты мекенжайға тіркелуіңіз керек. Бұл басқа қаладан келген студенттерге де қатысты. Сіз өзіңіздің оқу орныңызға тіркелуіңіз керек. Мұны мүмкіндігінше тез жасаңыз», – дейді ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының м.а. Аслан Аталықов. Тұрғылықты жері бойынша қалай тіркелуге болады Тіркеуді тексеруді және тіркеуді өте қарапайым тәсілдермен іске асыруға болады:

1) Халыққа қызмет көрсету орталығының кез келген бөлімшесіне жеке куәлікпен барып, сол жерде келісім беру үшін тұрғын үй иесінің қатысуы жеткілікті.

2) Азамат тұрғылықты жері бойынша “электрондық үкіметтің” egov.kz интернет-порталы арқылы тіркеуге өтініш бере алады, үйдің иесі де сол портал арқылы келісім бере алады.

3) Ішкі істер министрлігі тұрғылықты жері бойынша тіркелудің тағы бір жеңіл әдісін Halyk Bank-пен жүзеге асырды. Ол үшін App Store мен Play Market-тен банктің мобильді қосымшасын жүктеу керек. Жеке басын куәландыруды растау, тіркеу иесінің келісімі sms-пароль арқылы жүргізіледі. Тіркеу процедурасы шамамен бір минут уақыт алады.

Ведомство қазақстандықтарды тағы да нақты тұрғылықты жері бойынша тіркелуге шақырады және көші-қон заңнамасының осы талаптарын сақтамағаны үшін жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: