Сейсенбі, 23 шiлде, 02:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

Коронавирус инфекциясы бойынша эпидахуал қандай?

15.11.2022

506 0

Пандемия басталғаннан бері Қызылорда облысы бойынша коронавирус инфекциясының 25803 жағдайы анықталды. Оның ішінде 16894 жағдай ауру симптомдарымен болса, 8909 дерегі клиникалық белгілерінсіз анықталды. Соңғы тәулікте 1 жағдай Жаңақорған ауданында тіркелді.

Жыл басынан бері 6369 адам коронавирус індетіне шалдыққан болса, қараша айының басынан бері 17 адамнан COVID-19 анықталды. Бүгінгі күні облыста КВИ эпидемиологиялық ахуалы тұрақты деп бағаланады. Бұл туралы Қызылорда облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыс көлемінде емханаларда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация жалғасуда. Бүгінгі күні вакцинаның І-компонентімен 550175 қызылордалық екпе алған болса,  ІІ компонентін 517674 адам алған.Облыстың жалпы тұрғындардың 62,8 пайызы 1-турмен, 62,1 пайызы 2-тур вакцинамен қамтылған. Ревакцинациялаудан 267 213тұрғын өткен, бұл тиісті контингенттің 68,5% құрайды. Қайта ревакцинациялаудан өткендер саны – 62 303. Бүгінгі күні облыста QazVac, Синофарм вакциналарының қоры бар.

Айналымда әлі де коронавирус инфекциясы бар, сондықтан вакцинация мен ревакцинацияның пайдасына дұрыс таңдау жасау керек, бұл ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына және тұрақты эпидемиологиялық жағдайды ұстап тұруға өз септігін тигізеді. Бұдан бөлек, жеке бас гигиенасын, қолды сабындап жууды, антисептик қолдануды ұмытпау керек, адам көп жиналатын орындарға баруды мүмкіндігінше шектеу қажет, қоғамдық көлікке мінгенде, халық көп болатын орындарда маска киюге кеңес береміз. Бұл сақтық шаралары ауа тамшылары арқылы таралатын инфекциялық аурулардан қорғайды. Ауруды жұқтырып алу қаупін төмендетеді.

Аслан НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: