Сенбі, 27 сәуiр, 03:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Үкімет жеңілдетілген автонесие бағдарламасын бекітті

28.04.2022

1428 0

Қазақстан Үкіметі жеңілдетілген автонесие бағдарламасын бекітті. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриалдық даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Сапарбеков мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Қазіргі уақытта жеңілдетілген автонесие бағдарламасын жүзеге асыру үшін «Жасыл даму» АҚ-дан қажетті қаражатты аударуға байланысты процедуралар жүргізіліп жатыр», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. 
Айтуынша, елімізде 2015 жылдан бері жеңілдетілген автонесие бағдарламасы жұмыс істейді. 

2021 жылдың мамырына дейін 82 млрд теңге бөлініп, осы жылдың 31 наурызындағы деректерге сәйкес, бұл қаржыға 30 мың көлік сатып алынды және 162 млрд теңгеге займ берілді. 

«Жеңілдетілген автонесие алуға ниет танытушылар тарапынан сұраныстың жоғары екендігін ескере отырып, екінші деңгейлі банктер жаңа өтінімдер қабылдап жатыр. Бірақ қаражат олардың босауына орай берілетін болады. Бағдарлама Халық банк, Еуразиялық банк, Jýsan Bank, Центркредит банк және Форте банк сынды екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылады», – деді комитет төрағасының орынбасары. 

Олжас Сапарбеков Қазақстан Үкіметінің 2022 жылы 15 сәуірде №227 қаулыны қабылдағанын мәлімдеді. Аталған құжат автонесие бағдарламасын 100 млрд теңге төлшерінде қаржыландыруды қарастырады. Сонымен қатар «Жасыл даму» АҚ қаражаты есебінен 30 млрд теңге автобус паркін жаңартуға жұмсалады. 

Бағдарламаның негізгі шарттары мынадай: 

  • Бір жеңіл автокөлікті қаржыландыру сомасы 10 млн теңгеден аспайды; 
  • Бір заемші екі жылдың ішінде бір рет қана автокөлікті жеңілдетілген несиемен ала алады; 
  • Қаржыландыру мерзімі 7 жылдан аспайды; 
  • Бастапқы жарнасы 0%; 
  • Көлік құралының құны 15 млн теңгеден аспауы қажет.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: