Сейсенбі, 30 сәуiр, 23:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда жастары бос уақытын қалай өткізе алады?

21.11.2022

631 0

Биылғы жылы «Qosyl» қалалық жастар ресурстық орталығы қала жастарының белсенділігін арттыру, бос уақытын тиімді өткізу және ынталандыру мақсатында бірқатар шаралар атқарды. Соның ішінде мақтаулы жас мамандарды марапаттау, түрлі іс-шараларға қатыстыру арқылы жастар саясатын дамыту жүзеге асырылуда.

Мысалы 2022 жылы «Самғау» жастар сыйлығы 10 жұмысшы мамандық иегерлеріне табысталады. Бұл марапат эұмысшы жастарды ынталандыру арқылы олардың одан әрі өз-өзін жетілдіруге және өңірде қалып, жұмыс жасауға мол мүмкіндік береді Жұмысшы мамандық иегерлерін жеткен жетістіктеріне қарай, мемлекет тарапынан қолдау көрсету, сондай-ақ, жастардың азаматтық белсендіктерін арттыру шараның басты мақсаты.

Ал жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, қажеттіліктерін қанағаттандыру мен қызығушылығын анықтау мақсатында жастар арасында сауалнама жүргізіп, мониторинг жасалыпп, олардың қажеттілігіне қарай орталық тарапынан үйірме жұмыстары ұйымдастырылып отырады. Үйірмелер кәсіби білімі бар жетекшілермен қамтамасыз етіліпп, қаладағы тұрмыс жағдайы төмен отбасылардан шыққан және жұмыссыз жүрген жастарды қызығушылығына қарай үйірмеге тартуға мүмкіндік бар.

Одан бөлек орталықта «Мейірімділік қадамдары» жастар волонтерлік қозғалысы және «ECOSana» жастардың экологиялық бастамаларына қолдау көрсету» әлеуметтік қызметі өз жұмысын атқаруда. Ол аймақтық волонтер жастардың басын біріктіре отырып, ортақ мүдделі қайырымдылық шаралар мен акцияларды бірлесе ұйымдастырады. Волонтер болудың үздік тәжірибелерін қалыптастырып, тұрақты оқулардан өткізеді. Жастар арасында экологиялық сананы тұрақты насихаттау, бастамашыл топтарды құрып, қайтарымсыз гранттар арқылы жоба менеджменті және жобаларды жүзеге асыруды үйретеді. Командалық жұмыстар, тиімді шешімдер қабылдау арқылы, көшбасшылыққа жастардың ортасын қалыптастырады.

«Жастар бастамаларын қолдау» шағын гранттар жобасы аясында ауыл жастарына көшбасшылық дағдыларын жетілдіруге, оған қоса әлеуметтік жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беру жолға қойылған. Қызылорда қаласына қарасты ауылдық округ жастарының бастамаларына қолдау көрсету, сондай-ақ, оқыту арқылы өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту мен ауыл жастарынан құралған бастамашыл топтардың жобаларына кіші гранттар арқылы жастардың басын қосатын алаңдар ашужы орталық өз міндетіне алған.

«Компас» жастар арасында сандық сауаттылықты арттыруға және жаңа технологияларды дамытуға жәрдемдесу аясында 2022 жыл «Балалар жылы» болып жариялануына байланысты мектептердегі оқушы балаларды IT (ақпараттық технология) бағыты бойынша қолдап, білімдерін одан әрі тереңдету мақсатындағы арнайы жоба жүзеге асырылуда.

Аула клубтарын ашу барысында, қала жастарының барлық категориялары мәдени баюына, интеллектуалды дамуына ықпал ететін бірден-бір жоба – «Аула клубтары» әлеуметтік қызметі. Мұндай жобаны жүзеге асырудың қазіргі кезеңінде маңызды міндеттердің бірі қазақстандық жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыра отырып, жастардың болашаққа деген сенімін арттыру, олардың нық қадам басуына себепкер болу. Дәл осы мәдениет, тіл, білім және спорт әрбір адамның ұлттық құндылығы екенін ұғындыру біздің мақсатымыз. Бұл жасалып жатқан тұжырымдаманың іске асыру барысында түрлі жаттығулар мен шығармашылық бағытында жаңа аула клубтарының қазіргі заманға сай инфрақұрылымын құруға зор әсерін беретіні айқын. Жобаның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізе отырып,орасан зор әлеуметтік әсерге ие болып қана қоймай, қала жастарының жоғары деңгейде дамуының кепілі болатыны анық.

Аслан НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: