Сейсенбі, 30 сәуiр, 22:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Н.А.Ахмадеева атындағы №112 орта мектеп мерейтойын тойлауда

25.11.2022

971 0

Қызылорда қаласындағы Н.А.Ахмадеева атындағы №112 орта мектебі биыл 70 жылдық мерейтойын тойлауда. Атаулы мерейтойға орай Қызылорда қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен шаһардағы мектептердің мұғалімдер қауымы арасында волейболдан турнир өтті.

Жарысқа Абай, №4, №10, №11, №112, №144, №173, №189, №212, №215, №217, №222, №253, №271 және №282 орта мектеп ұстаздарынан құралған командалары қатысты. Спорттық сайыста жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері арасынан бес ер және бір әйел адамнан құралған командалар бақ сынады.

Турнирге барлығы 16 команда қатысып, үздіктер ұйымдастырушылар тарапынан арнайы алғыс хат, диплом және кубок, медальдармен марапатталды. Нақтырақ айтсақ, мектеп мерейтойына арналған спорттық сайыста жүлделі бірінші орынды №143 орта мектептің ұстаздары жеңіп алса, №10 мектеп-лицейінің мұғалімдерінен құралған команда күмістен медаль тақты. Ал мерейтой иелері №112 орта мектептің волейбол командасы сайысты үшінші орынмен аяқтап, қола медаль иегері атанды.

Жалпы, Н.Ахмадеева атындағы №112 орта мектебінің іргетасы 1950 жылы Ташкент теміржол мекемесінің оқу бөлімінің ұсынысына сәйкес Қызылорда қаласынан жаңа мектеп пайдалануға берілген болатын. Алғаш  мектеп ашылған тұста  білім ошағында 24 мұғалім жұмыс істеп, 520 шәкірт білім нәрімен сусындаған. Білім ордасы орыс бөлімі негізінде оқытып, мектептің  ашылуына өз үлесін қосқан Нағима Абдуллқызы Ахмадиева алғашқы директор қызметіне тағайындалып, оқу ісінің меңгерушісі міндетін Зинаида Петровна Чикова атқарған.

Бүгінде мектеп директоры міндетін Ғабидулла Әбдірайымұлы атқаратын тұста №112 орта мектеп қай кезде де жаңашылдыққа, бастысы, білімді тәрбиемен ұштастыра отырып заманауи білім беруге еңбек етіп келеді.

А.БІРКЕНОВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: