Жұма, 19 сәуiр, 22:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Облыстық ішкі саясат басқармасы жылды қорытындылады

28.12.2021

1236 0

Жыл бойы атқарылған жұмысты саралап, алдағы жоспарларды нақтылау мақсатында облыстық ішкі саясат басқармасы қорытынды жиын өткізді. Шараға басқармаға қарасты «Рухани жаңғыру орталығы», «Қоғамдық келісім», «Жастар ресурстық орталығы», «Ақпараттық талдау орталығы», «Тілдерді оқыту орталығы», «Өңірлік коммуникациялар қызметі» мекемелері және барлық аудандық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары қатысты.

Жиында басқарма басшысы Мира Казбекова әрбір орталықтың жұмысына айрықша тоқталып, жыл көлемінде атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы баяндады.

Құрылымның құрамы өзгеріп, жұмыс жасау шеңбері артты. Биылдан бастап жаңа функциялар беріліп, жастармен жұмыс жасау және Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығы және этносаралық қатынастар бөлімдері ашылып, бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет ресурстар бөлімдері біріктірілді.Сәйкесінше, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» және «Қоғамдық келісім» мекемелері басқарманың құрылымына енді, «Рухани жаңғыру орталығы» коммуналдық мекеме ретінде қайта құрылды.

Жыл көлемінде атқарылған жұмыстардың нәтижесінде басқармаға қарасты орталықтар халықаралық, республикалық және аймақтық деңгейде үлкен нәтижелерге қол жеткізіп, үздіктердің қатарынан көрінді.

Осы және басқа да атқарылған ауқымды жұмыстардың нәтижесінде басқарма басшысы М.Қазбекова және «Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығы және этносаралық қатынастар бөлімінің» басшысы У.Ибраев «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медальмен марапатталды.

Салтанатты шара соңында басқарма мен оған қарасты орталық қызметкерлері облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасары, басқарма басшысының «Алғыс хаттарымен» және арнайы номинациялармен марапатталды. Сондай-ақ, БАҚ өкілдері мен орталықтарға арнайы номинациялар табысталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: