Жексенбі, 30 маусым, 21:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51-2061
29.06.2024
PDF мұрағаты

«Бәке, Сәкелер енді болмайды»: Тоқаев үкіметте қандай кадрлық өзгерістер жасамақ

14.12.2022

718 0

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 12 желтоқсан күні үкіметтің кеңейтілген отырысында ауқымды кадрлық өзгерістердің болатынын айтқан. «Бастықтардың үнемі бүйрегі бұрып тұратын адамдардың орнын жаңа кадрлар басатынын» жеткізген президент елімізге тиімді жұмыс істейтін технократтар қажет деген. Сонымен қоса басшылар меритократия мен кәсібилік принциптеріне қарай тағайындалмақ. Ендеше келесі жылы қандай өзгерістер болуы мүмкін? Кадрлық өзгерістер елдегі саяси жүйенің түбегейлі өзгеруіне әсер ете ме? Stan.kz тілшісі бұл сұрақтарды саясаттанушыларға қойып көрді.

Тоқаев өз сөзінде меритократия мен кәсібилік принциптеріне қарай бірінші басшыларды тағайындайтынын айтқан. Ал меритократия принципіне сәйкес басшылық лауазымдарға әлеуметтік шығу тегі мен қаржылық байлығына қарамастан барынша қабілетті адамдар тағайындалады. Сөзіміздің басында осы меритократия мен кәсібилік қағидаттарына тоқталып өтейік.

Белгілі саясаттанушы Қазбек Бейсебаев үкіметке кадрлар онсыз да осы принциптерге сай қабылдануы тиіс дейді. Алайда ол тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тұсында да мұндай принциптер туралы сөз болғанын еске алады.

«Меритократия түсінігі бойынша адамның қабілетіне байланысты тағайындау қажет. Қолынан іс келетін азамат алынады, ал туыс-жегжат, «Бәке, Сәке» дегендер болмайды. Назарбаевтың кезінде де мұндай әңгімелер болған. Бірақ бізде бюрократия болды ма? Болған жоқ. Билік сол тұңғыш президентке жақын адамдардың қолына шоғырланып, қазақтың байлығы 162* адамның қолында болды. Ал біз соған қарамастан жаңа президентіміздің айтқан уәделеріне үміт артамыз, сенеміз», – дейді Бейсебаев.

Үкіметте туыстық қатынастағы шенеуніктердің бар екенін айтқан саясаттанушы мемлекеттік қызмет пен туыс-тамырды шатастырмауға шақырады. 

Алдағы уақытта болатын кадрлық өзгерістер туралы айтқан Бейсебаев алдымен үкіметтің түбегейлі өзгеретінін болжайды. Сөзінше, Конституция бойынша сайлаудан кейін үкіметте өзгеріс болады, алайда оны шешетін президент. 

«Мерзімінен тыс парламент сайлауы жаңа ережемен өтеді. 30 депутат бір мандат округімен сайланады. Демек, нағыз сайлау болады, біз нағыз саяси күресті көреміз. Бір мандат округтерінен жаңа азаматтар келіп, парламентте жаңа саяси көзқарасы бар адамдардың даусы шыға бастайды», – деп жалғады ол.

«Тоқаевтың алдында екі жол бар»

Саясаттанушы Андрей Чеботарев меритократия принципі Қазақстан билігінде 100% жұмыс істемейді дейді. Кадрлық өзгерістер туралы тоқталған ол Тоқаевтың алдында екі жол тұрғанын айтады.

«Президент шынымен де өте маңызды мәселелерді қозғап өтті. Оны жүзеге асыру үшін алдымен қолданыстағы заң нормаларын қайта қарап шығу қажет. Ал кадрлық өзгерістерге келетін болсақ, президенттің алдында екі жол бар. Оның бірі, дипломатиялық бағытты таңдап, кезектен тыс парламент сайлауының аяқталуын күту. Оған сәйкес Конституция заңы бойынша жаңа мәжіліс жасақталып, үкімет өзімен-өзі тарайды», – деп қосты Чеботарев.

Саясаттанушы егер президент бірінші жолды таңдайтын болса премьер-министрді тағайындау кезінде қиындыққа тап болатынын болжайды.

«Немесе Смайыловты (премьер-министр Әлихан Смайылов) өз орнында қалдырады да министрлердің құрамын 80%-ға өзгертеді. Ал екінші нұсқа бойынша, күні кешегі президенттің қатты сынына қарасақ, ол парламент сайлауын күтпей-ақ үкіметті отставкаға жіберуі бек мүмкін. Оның үстіне мұндай құзіретке Конституцияның өзі рұқсат етеді», – деп түсіндіреді ол.

Саясаттанушы айтқан үшінші нұсқаға сүйенсек, президент айрықша назарға алған қызмет саласында кадрлық өзгеріс жасауы мүмкін. Алайда түбінде барлығы кадрлық тапшылыққа келіп тіреледі, дейді Чеботарев.

«Соңғы уақытта тағайындалған қызметкерлерге қарайтын болсақ, жаңа кадрлардың өте аз екенін байқау қиын емес. Мұнымен қоса қаңтар оқиғаларын да назарда ұстау керек. Себебі дәл осы оқиғалар көп шенеуніктердің мемлекет басшысына адал емес екенін көрсетіп берді. Сол себепті Тоқаев үшін тек өз кәсібін жетік меңгерген қызметкер ғана емес «өзінің» тапсырмасын орындайтын адам керек. Осындай үш нұсқа бар, бірақ мен президенттің кадрлық өзгерісті парламент сайлауынан кейін жасайды деген нұсқаға көбірек сенім артамын», – деп түсіндірді Чеботарев.

«Билік бір қолда болмауы керек»

Қоғам арасында билік жүйесін түбегейлі өзгерту қажет деген ой жиі айтылып жатады. Саясаттанушылар кадрлық өзгерістердің саяси жүйенің өзгеруіне қалай әсер ететінін айтып берді. Қазбек Бейсебаев үкіметтің қазіргі жүйесінің Назарбаев «дәуірінен» қалғанын айтады. Ал оны қандай президент келсе де өзгерту қажет.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: