Жексенбі, 28 сәуiр, 19:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Облыс әкімі Балмейір Сансызбайұлына алғыс айтты

27.07.2023

420 0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен актив отырысында әріптестері облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған Балмейір Сансызбайұлын құрметпен шығарып салды.

Аймақ басшысы Балмейір Сансызбайұлы оқуға түсуіне байланысты лауазымынан өз еркімен босатылғанын айтты. Әріптесіне тындырымды жұмыстар мен ілкімді жобалардың жүзеге асырылуына өз үлесін қосқаны үшін алғысын білдірді.

«Балмейір Сансызбайұлы аз уақыттың ішінде аймақ дамуы жолында аянбай еңбек етті. Тіршіліктің негізгі күретамырына айналған облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жақсартуға 36 млрд. теңге қаржы бөлініп, ұзындығы 570 шақырым көшелер мен автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Демеушілер есебінен облыстық маңызы бар автомобиль жолдары бойында орналасқан 3 көпірді, Қызылорда қаласындағы 3 көшені кеңейту мен 2 көпірді күрделі жөндеу үшін 300 млн. теңгеге жоба-сметалық құжаттардың әзірленуіне атсалысты. Бірінші кезекте облыс орталығындағы «Қожа Ахмет Яссауи көшесін Ә. Бөкейхан көшесінен Әйтеке би көшесіне дейін қайта жаңғырту» жобасының құжаттарын әзірлеуге керек қаржыны бюджеттен тыс көздер (демеушілер есебінен) арқылы шешуге өз үлесін қосты. Аталған жұмыстарды үйлестіру арқылы өңірдің инфрақұрылымдық әлеуетін дамытуда Балмейір Сансызбайұлының еңбегі бар», – деді облыс әкімі.

Балмейір Сансызбайұлына атқарған еңбегі үшін Сыр жұртшылығы атынан Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталды.

Облыстық Қоғамдық кеңес төрағасы Әрiп Хожбанов Балмейір Сансызбайұлына жылы лебізiн бiлдiрiп, сәттілiк тiледi.

Өз кезегінде, облыс әкімінің бұрынғы орынбасары аймақ басшысына сенім білдіргені үшін алғысын айтты.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: