Сенбі, 06 шiлде, 17:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№53-2063
06.07.2024
PDF мұрағаты

Қызылордадағы NIS-тің оқушысы әлемнің төрт университетіне шақырту алды

23.02.2023

454 0

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің биылғы түлегі Алима Баймұхамбетова АҚШ пен Германияның беделді жоғары оқу орындарына шақырту алды.  

Атап айтқанда, Drexel university, Аrizona state university және Jacobs university дарынды оқушының жоғары білімі мен жан-жақтылығы ерекше қызықтырып, әртүрлі  көлемде жеңілдіктер ұсынып отыр.  Ал американдық  Vanderbilt university Алиманың оқуына толықтай грант бөлуге дайын екендіктерін жеткізді.  

Вандербильт университеті – АҚШ-тың  инженерия, технология мен медицина-биологиялық ғылымдар саласындағы үздік жоғары оқу орындарының бірі және әлемдегі ең үлкен зерттеушілік базасы бар университеттердің қатарында 14 орында тұр.

Алима Баймұхамбетова бұл университетте инженер мамандығы бойынша білімін жалғастыруға шешім қабылдап отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: