Бейсенбі, 10 қазан, 02:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Мектепте балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру ережесі өзгертілді

21.09.2022

897 0

Мектепте оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру ережесіне өзгерістер енгізілді. Бұл туралы ҚР оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Телеграм каналында хабарлады.

Министр бұған дейін мектеп асханаларындағы өнімдердің қымбаттығы туралы жазған еді. Буфет өнімдерінің бағасы көрші дүкенге қарағанда екі есе қымбат болатын жағдайлар да кездеседі. Енді мамандардың қатысуымен жұмыс тобы құрылып, қажетті түзетулер әзірленгенін мәлімдеп отыр.

«Қандай өзгеріс енгізілді? Енді қызметтерді жеткізушілермен азық-түлікпен қамтамасыз ету туралы жаңа шарттар жасалғаннан кейін мектеп асханаларындағы бағалар, оның ішінде буфет өнімдері, сусындар және т.б. қызмет көрсетушілердің қалауы бойынша емес, орташа нарықтық бағаларды ескере отырып қалыптастырылады.

Сондай-ақ мемлекеттік сатып алу порталындағы деректер базасы мен статистика органдарының ақпараты негізге алынады. Бұл асханаларда бағаның көтерілуіне жол бермейді.

Сонымен қатар енді жеткізушілер тендерді ұйымдастырушының конкурс құжаттамасында көрсеткен ас мәзірі мен бағаларға сәйкес қатаң жұмыс істейді. Бұл тыйым салынған өнімдерді өндіру және өткізу тәуекелдерін жою, сонымен бірге буфет өнімдерінің бағасын белгілеу үшін қажет.

Сондай-ақ ата-аналарды тамақтану туралы хабардар ету немесе оның сапасын бағалай алуы үшін білім ресурсына кезең-кезеңімен норма енгізіледі. Ол – пайдаланушыларға қызмет көрсету және қолма-қол ақшасыз төлемдер сапасын бағалауға мүмкіндік беретін тағамдардың, ас мәзірінің, бағалардың фотосуреттерін жариялау нормасы.

Сонымен қатар балабақшаларда, балалар үйлерінде балаларды үздіксіз тамақпен қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдардың инфляция деңгейін ескере отырып, азық-түлік бағасының өзгеруі бөлігінде сатып алу туралы шарттарға өзгерістер енгізу мүмкіндігі көзделген» деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, азық-түлік бағасының өсуіне байланысты қаңтар айында мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша, мысалы, картоп 100 теңге тұратын келісімшарт жасалған жағдайлар жиі кездескен. Кейін бірнеше ай өткен соң жеткізуші тауарды жеткізуден бас тартып, нәтижесінде ұйым азық-түліксіз қалған.
«Сот процедурасына енгізілген жосықсыз жеткізушілердің тізімі бар екені түсінікті, бірақ көптеген жеткізуші мұны елемейді, сөйтіп жаңа ұйым ашылып, жұмысын жалғастыра береді. Бірақ бұл уақытта балабақша бүлдіршіндерді тамақпен қамтамасыз ете алмай отырады. Енді жаңа норма бойынша әкімдіктер мұндай жағдайларда осы өнімдердің орташа бағасына сәйкес ұйымдарды үздіксіз қамтамасыз ету үшін қосымша келісім жасайды.

Бұл ережелер келесі жылдан бастап қызмет көрсетушілермен жаңа келісімшарттар жасалғаннан кейін қолданысқа енгізіледі», – деді ол.
Асхат Аймағамбетов Алматыда осындай пилоттық жоба басталып та кеткенін айтады.

«Алматыда мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша пилоттық жоба басталғанын атап өткім келеді.

Бүгінгі таңда тамақтануды ұйымдастыру процесін оңтайландыруға және жеделдетуге бағытталған пилот қаланың үш мектебінде іске қосылды.

Сондай-ақ, мектеп ас мәзірін қалыптастыру тәсілдерін жаңарту жұмыстарын да бастап кеттік», – деп түйді сөзін ведомство басшысы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: