Жұма, 29 наурыз, 20:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Достықты ту еткен тимбилдинг

27.06.2022

546 0

Журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында Назарбаев Зияткерлік мектептерінде бастау алған медиамарафонға Сыр өңіріндегі журналистер қосылды.

Қызылордадағы NIS-тің бастамасымен ұйымдастырылған тимбилдингте бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экспедициясының оқушыларымен бірге топтық ойындарда сайысқа түсті. Командалық тапсырмаларды орындау барысында  қатысушылар бойында достық, ауызбіршілік секілді  құндылықтар анық байқалып, көтеріңкі  көңіл-күйде  уақытты тиімді өткізді.

 – Бұл шара маған ерекше әсер қалдырды. Тапсырмалар жеңіл көрінгенімен тобымызды ширатты. Бос қауашақтардан қамал тұрғызып, шеңбердің ішінен өтіп, қиындықтарды  бірге еңсердік. Бірге ән салып, би билеп, бір сәт жұмыстан қол үзіп, ойымыз да, бойымыз да сергіп қалды, – дейді «Сыр бойы» облыстық газетінің тілшісі Гүлбану Мақажан.

Достықты ту еткен белсенді ойындар әрі қарай салтанатты шарамен жалғасты. Мектеп директоры Бахыт Жұматай бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлін атап өтіп, кәсіби мерекемен құттықтады.

Әрқашан қоғамдық ахуалдың шебінде жүріп, халықты маңызды ақпаратпен қамтамасыз етіп, NIS жетістігі мен оқушылардың табысты еңбектерін жан-жақты насихаттауға қосқан ерекше үлесі үшін аймақтағы 18 БАҚ өкілі  мектеп директорының Алғыс хатымен  марапатталды.

Сонымен қатар  жыл ішінде 20-ға жуық зияткер шәкірттермен сұхбат жүргізіп, кең көлемді материал дайындаған мектептің бірнеше жылдан бергі досы – «Ақмешіт жастары» газетінің тілшісі Гүлдана Жұмадиноваға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның  басқарма төрағасының атынан Алғыс жарияланды. Мектеппен үнемі байланыста болып, ақпарат айдынында ынтымақтастықта жұмыс жасайтын  «Өңірлік коммуникациялар қызметі» мемлекеттік мекемесінің  бөлім басшысы Гүлнұр Бүркітбаева, облыстық қоғамдық даму басқармасы БАҚ пен интернет ресурстармен жұмыс жасау бөлімінің бас маманы Салтанат Шаханова және «Қоғамдық келісім» КММ-нің баспасөз хатшысы Әсел Абзалға да құрмет көрсетіліп, мектеп оқушыларының  қолынан шыққан  арнайы сыйлықтар табысталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: