Сенбі, 04 мамыр, 23:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

33 градусқа дейін аяз болады – синоптиктер үш күнге болжам жасады

08.02.2021

6476 0

Елдің батыс өңіріне Атлантика аумағынан жететін кезекті циклон әсер етіп, аймақта қар аралас жаңбыр жауады.

 Республика аумағында алдағы үш күн ішінде ауа температурасы 23-33 градусқа дейінгі аралықта төмендейді деп болжанып отыр. Бұл туралы «Қазгидрометтің» баспасөз қызметі хабарлады.

«9-11 ақпан аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігі Скандинавия аумағынан келетін суық антициклон ықпалында болады. Ауа температурасы 23-30 градусқа, ал елдің шығысында 28-33 градусқа дейін төмендейді деп болжануда», – делінген хабарламада.

Ал елдің батыс өңіріне Атлантика аумағынан жететін кезекті циклон әсер етеді. Аймақта қар аралас жаңбыр жауып, салдарынан көктайғақ болады. Сондай-ақ, төңіректі қалың тұман қаптайды деп болжанған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: