Сәрсенбі, 01 мамыр, 23:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Екі ер адам қарт әйелді тұншықтырып, тонаған

28.01.2024

592 0

Сурет:massaget.kz

81 жастағы қарт әйел полицияға арыз түсірген. Оның айтуынша, медициналық бетперде киген екі бейтаныс жігіт үйінің ауласына кіріп, оны тұншықтырып, ұялы телефон мен қолма-қол ақшасын ұрлап кеткен. Оқиға Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында орын алған – деп хабарлайды Massaget.kz.

Полицейлер 28 қаңтарда жедел-іздестіру іс-шара жүргізіп,  1978 және 1989 жылғы екі Алматы тұрғынын ұстаған. Олар өз қылмыстарын толығымен мойындаған.

«Полиция қызметкерлері істің мән-жайын толық, жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін сараптамалық зерттеу тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекетін жүргізіп жатыр. Ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр», – делінген хабарламада.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: