Сәрсенбі, 01 мамыр, 02:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Құқықбұзушыға айыппұл салынды

11.03.2023

498 0

  Төретам  станциясынан Тәжікстан Республикасы Қорғантөбе облысы Жылыкөл ауданы Ақжар ауылы  46 жастағы тұрғыны әкімшілік құқық   бұзушылық жасағаны үшін №30 «Атырау-Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызының бастығының актісімен тиісті шара қолдану үшін поездан түсірілді. Аталған азаматша жол жүру барысында  ішімдік ішіп, қоғамдық орында адамның қадір қасиетін және қоғамдық имандылықты қорлайтындай мас күйде болған және қоғамдық көлікте былапыт сөйлеп,жеке тұлғаларға қорлап тиісіп   айналасындағыларға сыйламаушылық білдірген. Аталған дерек бойынша Төретам станциясындағы көлік полиция қызметкерлерімен әкімшілік құқық бұзушы азаматшаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі бойынша қоғамдық орында адамның қадір қасиетін және қоғамдық имандылықты қорлайтын мас күйде болғаны үшін хаттама толтырылып 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды   ҚР ӘҚБтК-нің  434-бабының 1-бөлігі бойынша қоғамдық көлікте былапыт сөйлеп, жеке тұлғаларға қорлап тиісіп айналасындағыларға сыйламаушылық білдіргені  үшін әкімшілік хаттама толтырып, Қызылорда облысы Қармақшы аудандық сотына жолдаған.

Құқықбұзушыға Қызылорда облысы Қармақшы аудандық сотының шешімімен құқықбұзушыға қатысты 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Төретам ст. ЖПб

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: