Сәрсенбі, 03 шiлде, 18:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52-2062
02.07.2024
PDF мұрағаты

Қатық ішінен телефон шықты

13.03.2023

693 0

Қылмыстық атқару саласының Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінің бақылаушылары тыйым салынған заттың ішкі аймаққа өтіп кетпеуінің алдын алды.

Сәлем-сауқатты қабылдау бөлмесінің қызметкерлері күйеуіне сотталған (262-266 бап) Б-ға келген азаматша К-ның азық-түлік тапсыруын тексеру барысында айран құтысының ішінен 1 дана телефон және екі дана Beeline сим картасы тәркіленді.

Анықталған дерек бойынша бөлім қызметкерлері дер кезінде ҚР ӘҚБ- 481- бабының 1- бөлігі бойынша хаттама толтырып, ісін сотқа жолдады.

  • Біздің қызметкерлер тағы да кәсіби шеберліктерін көрсетті. Бұл бірінші рет емес.

Бүгінге дейін мемлекетіміздің игілігі үшін адал қызмет етіп келе жатқан қызметкерлеріміздің жетістіктерін мақтан тұтамын. Қырағылық пен сақтық бақылаушыларымыздың басты қасиеті – деді, мекеме басшысының міндетін атқарушы, әділет капитаны Азамат Темірбек.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: