Жексенбі, 07 шiлде, 03:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№53-2063
06.07.2024
PDF мұрағаты

Нашақорлыққа жол жоқ!

04.04.2023

688 0

Қызылорда облысының оқушылары
арасында жарыс өткізілді. Жасөспірімдер мен жастар арасында нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу мақсатында, Қызылорда облысының Мәдениет және спорт, Білім басқармаларымен, Қызылорда облысының Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бірлесе отырып, «Нашақорлыққа жол жоқ!», «Бәріңде жарысқа!» ұранымен облыстық жарыстар өткізді.
Салтанатты іс-шараны облыстық мәдениет және спорт басқармасының бұқаралық спорт бөлімінің басшысы Ғалым Сихимов ашты, ол дәстүрлі түрде биыл 28 рет өткізілетін оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастырудағы бағытталған жарыстардың маңыздылығын атап өтті.
Қызылорда облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Мейрамбек Сұлтанханұлы нашақорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан мәліметтерге тоқтады.
Жарысқа аумақтарда өткен бірінші, екінші кезеңдерде жеңімпаз аталған бір қалалық, жеті аудандық мектеп командалары қатысты. Әрбір команда бес эстафетада спорттық дайындығын көрсетіп, белсенділік танытты. Жеңімпаздар болып: Қызылорда қаласы мен Сырдария, Қармақшы аудандары атанды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: