Жексенбі, 07 шiлде, 15:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№53-2063
06.07.2024
PDF мұрағаты

Ағаш егу – сауапты іс

10.04.2023

830 0

Қаламызды көгалдандыру, көркейту мақсатында облыстық дін басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығы ұйымдастырған ағаш егу акциясына аймақтағы этномәдени орталықтар мен діни бірлестіктер, мешіт имамдары атсалысты. Бұл ұйымдар арасындағы бірліктің, ынтымақтың, рухани сыйластықтың нығаюына негіз болмақ. 

 – Бүгінгі шараның ұйымдасуына қоғамдық даму басқармасымен қатар дін істер басқармасы қосылып тал егу акциясын жасап жатыр. Елді, жерді көркейту, тал егу барлық азаматтар үшін міндетті деп есептеймін. Осы үлкен акция жыл сайын өзінің реттілігін тауып келе жатыр. Себебі бұл акция тек қана бірлестіктердің мүшелірі ғана емес, олардың отбасы, жақындары да атсалысып жатыр, – деді облыстық дін істері басқармасының бас маманы Сәулет Сахиев.

Жер тоңы жібіп, алғашқы көк дүркіреп шыға бастаған кезде шыбық қадап, көшет отырғызу – сауапты іс. Өйткені жерге шаншылған әрбір тал күтімі жақсы болса, күні ертең жапырағы жайылып, жазда сая, қыста қамсау болады. Әрі экологиялық ахуалды жақсартып, қоңыржай климат қалыптастыруға әсерін тигізеді.

– Бұл шараның маңызы зор. Өйткені қазақта айтады «бір тал кессең он тал ек»  дейді. Яғни нағыз рамазан айына сәйкес келген осындай бір табиғатты қорғайтын, табиғатты аялайтын үлкен бір шара. Бүгінгі шараға да Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Қызылорда облысы бойынша қарасты мешіттерде қалыс қалмай өз үлестерін қосуда, – дейді облыстық Ақмешіт-Сырдария мешітінің бірінші наиб-имамы Жақсыбек Әбиұлы.

 Акция барысында ұйым мүшелерінің атсалысуымен балалар ауруханасының алаңқайына 100 түп шыбық отырғызылды. Дәстүрге айналған бұл шара әрбір тұрғының табиғат алдындағы жауапкершілігін сезіндіретіні сөзсіз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: