Жұма, 29 наурыз, 15:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

№259 сайлау учаскесінде белсенділік жоғары

10.01.2021

6949 0

Бүгін елімізде маңызды шара – ҚР Парламенті Мәжілісі және жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлауы өтуде. Азаматтар тұрғылықты мекен-жайына қарасты сайлау учаскесіне барып өз таңдауларын жасауда. Сайлау учаскелерінің №259 бөлімінде таңдаушылар легі көп.

– Ғ.Мұратбаев көшесі №43 мекен жайында орналасқан сайлау учаскесінде таңғы сағат 7.00-ден бастап саяси шара басталды. Сайлауға келген тұрғындар қатары көп, барлығы өз таңдауын жасауда. Соның ішінде біз егде жастағы қария мен ең жас таңдаушыға арнайы сыйлығымызды табыстадық. Қазіргі кезде келушілер қатары көбейіп жатыр, – дейді №259 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Көктем Ерімбетов.

Сайлау басталар алдында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны қосылып, дәстүрге сай басталды. Учаскеде карантин талаптары толықтай сақталған. Әр келуші дезинфекциялық туннельден өтіп, дене қызуларын тексертуде.

Комиссия төрағасы Көктем Ақарысұлының айтуы бойынша, учаскедегі сайлау барысында ешқандай қиындықтар тумаған. Бөлімде түрлі қоғамдық бірлестіктен арнайы жасақталған бақылаушы топ мамандары бақылау жүргізуде.

Еске сала кетейік, бүгін елімізде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлауы өтіп жатыр. Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша 7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: