Жексенбі, 07 шiлде, 17:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№53-2063
06.07.2024
PDF мұрағаты

Қызылорадада ҚАЖ қызметкерлері  психологиялық тренингке қатысты

14.04.2023

462 0

Қызылорда қаласының ҚАЖ қызметкерлерінің  өз қызметтік міндеттерін адал атқаруға психологиялық әзірлігі болмаса, жұмыс барысында толымды нәтижелер күту қиын.

Қаладағы №68 мемлекеттік мекемесінің кадр саясат тобы жеке құрамның  моральдық-психологиялық жағынан мықты болуын қамтамасыз ету  мақсатында әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырады.

Жуырда жұмысқа  қабылданған жас мамандарды  қызметтік  жаңа жағдайларға кәсіби тұрғыдан және әлеуметтік-психологиялық бейімделуіне көмек көрсету үшін Жастар ресурстық орталығының психолог маманы  Гүлжайна Ғабитқызы арнайы шақыртылды.

Шара барысында алдымен «Сәлемдесу» тренингі өтті. Мақсаты: Жеке басын  таныстырып, бойындағы жағымды қасиетін айтуға үйрету. Бұл ойында олар өз-өздеріне деген сенімділігін арттырып, тұлғалық қасиеттерін дамытты.

Одан кейін «Құбыр» «Жемістер» жинау ойындарын ойнап шықты.Қызметкерлер барлық ойындарға белсене қатысып, эмоционалдық тұрғыдан сергіп қалды.

–  Мұнан бөлек, қызметкерлердің қызмет атқару барысындағы психикалық күйін мойындау немесе жоққа шығаруға мүмкіндік беретін және жүйке жүйесінің тұрақтылығын, шыдамдылығын анықтап, оларды жеке-жеке қабылдап, кеңес беру жұмыстарын жүргізді, – деді кадр саясат тобының аға инспекторы, әділет капитаны М.Тұрымбетов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: