Жұма, 19 сәуiр, 10:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Кәрім Мәсімовке қатысты тергеу аяқталды

25.08.2022

1110 0

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке және оның орынбасарларына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқталды, деп хабарлайды Экспресс К.

Кәрім Мәсімов пен оның орынбасары Әнуар Садықұлов мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алуға ұмтылды деп айыпталды. Одан бөлек, тағы екі орынбасары Дәулет Ерғожин және Марат Өсіпов те бар.

Комитеттің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Кәрім Мәсімовтің және Әнуар Садықұловтың әрекеттері қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі (мемлекетке опасыздық жасау), 179-бабы 3-бөлігі (билікті күшпен басып алу) және 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) тергелген.

Сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетінде лауазымды адамдар Д.М. Акиповке, Н.К. Бекмұратқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды.

Қазіргі уақытта күдіктілерді іс материалдарымен таныстырып жатыр.

Іс материалдарымен танысу кезеңіне қамауда ұстау мерзімі Мәсімов пен Садықұловқа 6 қазанға дейін, Ерғожинге 13 қазанға және Өсіповке 22 қазанға дейін ұзартылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: