Сейсенбі, 04 қазан, 12:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79 (1884)
04.10.2022
PDF мұрағаты

Жастарға жазғы уақытта әскери комиссариатқа шақырту келіп жатыр: Мұндай талаптың себебін Қорғаныс министрлігі түсіндірді

10.08.2022

389 0

Жастарды енді әскери комиссариатқа келу талабымен жазда шақырту жіберетін болыпты. Қорғаныс ведомствосының мәліметінше, Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын жастарды іріктеу бойынша алдын ала жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жазғы әскерге шақыру туралы мәселені Telegram арналарының бірі көтерген. Арна 9 тамызда Нұр-Сұлтандағы әскери комиссариаттардың біріне келу керектігі туралы SMS хабарламаны жариялаған.

Бұған дейін военкомат студенттерді диплом қорғап шыға салысымен бірден алып кететін болса, қазір шақыру қағазын жазда жіберетін болыпты. Әдетте жастар әскерге көктемгі және күзгі уақытта ғана шақырылады. 

Сондай-ақ Telegram-да жариялаған хабарламада олар келмегені үшін жаза бар екенін атап өткен. 

«Тіркеу орны бойынша жергілікті әскери басқару органдарына келу туралы шақыру әскерге шақырылуға жататын жас жігіттерді алдын ала зерттеу және іріктеу, сондай-ақ жеке деректерін түзету мақсатында жіберіледі. Әскери қызметке шақыру 1 қыркүйекте басталып, желтоқсанның соңына дейін жалғасады. Әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтар жергілікті әскери басқару органының күн тәртібіне онда көрсетілген уақытта келуге міндетті», – деді Қорғаныс министрлігінде. 

Тағы да оқыңыз: