Сейсенбі, 23 шiлде, 03:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

Сәуірдің сенбілігі ұжымды біріктірді

15.04.2023

784 0

Көгілдір көктемнің келуімен ,таза ауада,таза аймақта еңбек етуді қолдайтын 68 мемлекеттік мекемесінің ұжымы бүгін сенбілікке шықты.

Бұл күні тергеу изоляторының жеке құрамы нысанды киімде емес, жұмыс жасауға ыңғайлы киімдерін киіп,таңғы тоғызда мекеме алдына жиналды.

Әдеттегідей мекеменің кадр саясат тобы өзгелерден ерте келіп,қызметкерлерге сенбілікке қатысты жұмысты бөліп берді.

Ауызбірлігі мықты ұжым, бір үйдің баласындай бірлесе жүріп,ортақ мекені жұмыс орынындағы аула аймағын тазалап шықты .

Жұмыла көтерген жүк жеңіл деген, екі сағат ішінде мекеме аумағы мұнтаздай таза болып,жарқырған кейіпке енді.

Жауапкершілікпен тиянақты атқарылған жұмысқа мекеме бастығы ,әділет майоры Қайырбек Ильясов дән-риза болды.

Үлкендерге рахметін білдіріп, жастармен әзілдесіп, көтеріңкі көңіл сыйлады.

Осылайша , сәуірдің сенбілігі жәй тазалау жұмысы ғана емес,ұжымды біріктірген көңілді күн болып өтті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: