Жексенбі, 28 сәуiр, 03:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Ел тарихындағы алғашқы медаль. Руслан Курбанов семсерлесуден әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

27.07.2023

1315 0

Италияның Милан қаласында өтіп жатқан семсерлесуден әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түстіБұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, ұлттық құраманың көшбасшысы Руслан Курбанов ширек финалда италиялық Валерио Куомоны 15:12 есебімен ұтып, командаластары арасынан алғаш болып финалдық кезеңге жолдама алды. Алайда жартылай финалда ол венгриялық Мате Кохтен 10:15 есебімен ұтылып, қола жүлдегер атанды.

Екінші жартылай финалда Олимпиада және әлем чемпионы франциялық Ромен Каннон италиялық Давиде ди Веролиден жеңіліп қалды.

Руслан Курбатов 1/16 айналымда франциялық Янник Борельді 15:14, даниялық Конрад Сейбек Конгстадті 14:13 есебімен ұтқан. Оған дейін австриялық Джозеф Марингерден басым түсіп, үздік 32 спортшының қатарына қосылды.

Еске салсақ, Курбатов былтыр Египеттің Каир қаласында өткен әлем чемпионатында Эльмир Әлімжанов екеуі ширек финалға дейін жеткен еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: