Жексенбі, 07 шiлде, 17:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№53-2063
06.07.2024
PDF мұрағаты

Аша Матай өзінің актрисалық мансабына тосқауыл болған ең жақын адамы екенін ашық айтты

17.04.2023

641 0

Бүгінде тележүргізушілікке бет бұрған Аша Матай “Төрлетіңіз” бағдарламасында актрисалық мансабын аяқтауға мәжбүр болғанын жасырмай айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Актерлік мансабымды Арманның кесірінен жалғастыра алмадым. Арман рұқсат бермейді. Соңғы кинокартинам “16 қыз” еді. Бірақ менің ойымша, онда тұрған ештеңе жоқ. Арман мені қиналып қалады деп ойлап, жақсы жағынан осындай шешім қабылдады”, – дейді Аша Матай. 

Әншінің күйеуі Арман Қоңырбаев та не себепті жұбайының кино саласында жүргеніне қарсы екенін түсіндірмек болды. Ол : “Уайымдайсың. Уайым да, қызғаныш та бар. Барлық отбасыда болатын мәселелер біздің де басымыдан өтті”, – дейді Арман Қоңырбаев.

Еске салайық, Арман Қоңырбаев пен Аша Матай 2015 жылы отау құрған. Бүгінде жұлдызды жұп Асылым, Айым есімді қыздарды тәрбилеп отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: