Жексенбі, 07 шiлде, 19:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№53-2063
06.07.2024
PDF мұрағаты

Өрт болған жағдайдағы алғашқы іс-қимыл пысықталды

20.04.2023

469 0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №60 мекемесінің тоқсандық жоспарына сәйкес, ТЖД-нің өрт сөндіру қызметі қызметкерлері мен мекеме қызметкерлері бірлесіп 2023 жылдың 19-шы сәуір күні 10:00 де «Мекемеде кенеттен өрт шыққан жағдайда мекеме қызметкерлерінің алғашқы іс-қимылдары» тақырыбында кенеттен тыс өрт шыққан жағдайда жеке құрамның алғашқы іс-әрекеттерін пысықтау мақсатында мекеменің өндірістік аймағында орналасқан РМК Еңбек-Қызылорда ЖК «Тұрдалы» қолөнер цехының алдында арнайы оқу-жаттығу өткізілді.
Жаттығудың мақсаты мекемеде кенеттен тыс өрт болған жағдайда мекеме қызметкерлерінің алғашқы іс-әрекеттерін пысықтау, топ басшыларын тез арада шешім қабылдап, уақытылы тапсырма беріліп, тапсырманың орындалуын ұйымдастыру. Жеке құрамға практикалық түрде атқаратын іс-қимылды көрсету болып табылады.

  • Бірлескен оқу-жаттығу жұмысы барысында №6 өрт сөндіру бөлімінен 4 қызметкер 1 техникасымен өрт сөндіру тактикасы бойынша ҚАЖД №60 мекемесінің ерікті өрт сөндірушілерімен жаттығу өткізді. Аталған жаттығу бойынша 1 адам құтқарылып, 2 адамға эвакуация жасалынып, өрт толығымен сөндірілді,- деді Қызылорда қалалық №6 өрт сөндіру бөлімінің бастығы азамат қорғау майоры Нургалиев Самат.
    Жаттығуға мекеме бастығы тарапынан оң баға беріліп, оқу-жаттығу барысын тоқсан сайын қайталап отыру тапсырылды.

  • Адина Ұзақбай
    Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД №60 мекемесі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: