Сейсенбі, 23 шiлде, 07:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

Балаңыз полиомелитке қарсы екпе алды ма?

26.04.2023

823 0

Полиомиелит – бұл вирус тудыратын жұқпалы ауру. Бұл жүйке жүйесіне әсер етеді және бірнеше сағат ішінде жалпы сал ауруына әкелуі мүмкін. Вирус адамнан адамға, негізінен, фекальды, ауыз қуысы, сирек жағдайда инфекцияның қандай да бір қарапайым тасымалдаушысы (мысалы, ластанған су немесе тамақ) арқылы таралады және ішекте көбейеді. Алғашқы белгілері – қызба, шаршау, бас ауруы, құсу, мойынның қатаюы және аяқ-қолдың ауыруы.


Инфекцияның 200 жағдайының бірінде қайтымсыз сал ауруы (көбінесе аяқтар) өршиді. Осындай сал ауруына шалдыққан адамдардың 5-10%-ы тыныс алу бұлшықеттерінің салдануына байланысты қайтыс болады. Полиомиелит негізінен 5 жасқа дейінгі балаларға әсер етеді.   


Полиомиелиттің емі жоқ, оның тек алдын алуға болады. Полиомиелиттің алдын алудың негізгі әдісі – вакцинация. Бірнеше рет берілген полиомиелитке қарсы вакцина баланы өмір бойы қорғай алады.
Балаларға профилактикалық егу вакцинаның екі түрімен жүргізіледі: 2, 3, 4, 18 айлық жасында аралас вакциналар құрамындағы белсенді емес полиомиелит вакцинасы, 12(15) айлық жасында ауыз арқылы тамызатын полиомиелит вакцинасы. Полиомиелитке қарсы вакциналар балаларды қорғайды, олардың ағзасын полиовируспен күресуге дайындайды. Қолданылатын вакциналар тиімді және қауіпсіз.


Қызылорда облысы бойынша ағымдағы кезеңде полиомиелитке қарсы профилактикалық егулермен қамту жұмыстары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес жүргізілуде.
Егер полиомиелитке және басқа да вакцинамен басқарылатын инфекцияларға қарсы егулер уақтылы жүргізілмесе, онда инфекцияны жұқтыру және тарату ықтималдығы жоғары.
Көп жағдайда вакцина адамдарда дене температурасының жоғарылауы, вакцина салынған жерде ауырсыну мен қызару, іштің ауыруы түрінде болмашы және қысқа мерзімді көрініс тудырады.
Полиомиелитті жұқтырған жағдайда ауру сал ауруына әкелуі мүмкін, баланың өмір бойы мүгедек болып қалу қаупі бар, ауру асқынған жағдайда тіпті өлімге әкеледі.


Сондықтан баланың денсаулығы мен өмірін қауіпті жұқпалы аурулардан және олардың зардаптарынан сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесі шеңберінде профилактикалық егулерді уақтылы алуды ұсынамыз!

Динара Жанабергенова,

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: