Сенбі, 27 сәуiр, 14:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Сіздердің кездеріңізде трек пен қазіргі тректің айыр­машылығы бар ма?

14.11.2023

329 0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде жазушы, этнограф, университеттің құрметті прфессоры, Қызылорда облысының құрметті азаматы Тынышбек Дайрабайдың 80 жасқа толуына орай «Сыр өңірінің тарихы: зерттеулер нәтижесі және өзекті мәселелер» тақырыбында конференция өтті.

Зерттеушінің ел тарихын, Сыр өңірінен шыққан ақын, жыраулардың, би, шешендердің бай мұраларын насихаттап, жарыққа шығару жолындағы қажырлы еңбегінің арқасында КСРО Жоғарғы кеңесінің жарғысымен «Еңбек ардагері», 2003 жылы Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінің «Құрметті профессоры», Қорқыт ата алтын медалімен мара­патталған. Сонымен қатар 2004 жылы әлеуметтік ғылымдар академиясының «Құрметті академигі», 2005 жылы «ҚР Мәдениет қайраткері», Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандарының «Құрметті азаматы» атағын алды. Қазақстан журналистер одағының «Құрмет грамотасымен, «Құрмет» орденімен, облыс әкімінің құрмет грамотасымен марапатталып, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болды.

Жиынды  ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор, филология ғы­лымының кандидаты Майнұр Бөрібаева  жүргізді.  Конференцияда сөз алған Қызылорда Ашық уни­верситетінің басқарма төрағасы-ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Бисенов мерейтой иесінің өмірбаяны мен шығармашылық жұмысына тоқталып, мерейлі жасымен құттықтады.

Мұнан әрі құттықтау сөз алған Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының докторы Дастан Сәтбай «Сыр өңірінің көрнекті өлкетанушысы» тақы­рыбында ой қозғап, жазушының өлкетану саласында еткен еңбегін жиылғандарға паш етті.

Тынышбек Дайрабайұлының Сыр бойы әдебиетін зерттеудегі ерен еңбегіне тоқталған Қорқыт ата уни­верситетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ғабит Тұяқбаев өзінің ғылыми зерттеулерінде бағыт-бағдар берген тұғырлы тұлғаға алғыс білдірді.  Конференция барысында шығып сөйлеушілер терең білім иесінің ұшан-теңіз еңбегін жоғары бағалап,  ғылыми еңбектері мен құнды қолжазбалары университет қабырғасында сақталса, сол үшін мерейтой иесіне арнап кабинет ашылса деген өтінішін жеткізді. Жиын соңында мерейтой иесіне қазақтың салт-дәстүрімен сый-сияпат жасалды.

Гауһар АСҚАРҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: