Жұма, 26 сәуiр, 20:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Мәскеу нені көздеп отыр?

22.01.2022

1194 0

Жақында АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы арнайы іс-сапармен Киевке барды. Осы сапарда ол Мәскеу мен Киев арасындағы ахуалға ерекше тоқталып өтті. Бұл туралы ВВС арнасы «Блинкен Ресейді бейбіт жолмен әрекет етуге шақырды» деген тақырыпта мақала жазды.

Ресейдің Украина жеріне басып кіру қаупі жоғарылағандықтан Блинкен Кремльді барынша дипломатиялық және бейбіт шешім шығаруға шақырды. Арна жазған ақпарат бойынша қазіргі кезде 100 мыңға жуық ресейлік әскер Украина шекарасына жақын жерде орналасқан. Ал Блинкен «Мәскеу мейлінші бұл санды арттыруды көздеп отыр», – деген пікір білдірген.

Дегенмен бұл мәселеге орай Ресей бірнеше рет мәлімдеме жасап, көршілес Украинаға шабуыл жасау жоспарда жоқ екенін айтқан болатын. Бірақ АҚШ-тың жоғары лауазымды шенеуніктері Ресей кез келген уақытта және кез келген нүктеге шабуыл жасай алады деген пікірді алға тартып отыр.

Блинкен алдағы уақытта батыс серіктестерімен келісім жүргізген соң Женевада ресейлік әріптестерімен кездеспекші. Оның Киевке сапарының алдында елдегі шенеуніктер Блинкен Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа Женевада «дипломатиялық келісім» ұсынуы мүмкін деген болжам жасады. Алайда Ақ үй мұндай бір де бір ұсыныс қарастырылмағанын айтты.

Ресей өз кезегінде батыстағы мемлекеттерге өзінің бірнеше талабын жолдады. Оның ішінде Украинаны НАТО құрамына ешқашан қабылдамау және қорғаныс альянсының әскери әрекеттері мүше мемлекеттерде, соның ішінде Польшада шектелуі керек деген бірқатар талап қойды. Алайда өткен аптада жүргізілген Батыс-Ресей келісімі ешқандай оң өзгеріске алып келмеді. Одан бөлек Мәскеудің бірнеше талабынан «Батыс» түбегейлі бас тартты.

«Мен бұл жағдайда дипломатиялық әрі бейбіт келісімге келеміз дегенге сенемін. Бірақ соңғы шешімді президент Путин қабылдайды», – деді Блинкен украиналық журналистерге берген сұхбатында.

Арна сонымен қатар Ресей билігі Украинаға басып кіру туралы жоспары жоқ екенін айтса да, шекарадағы ахуал ушығып барады деп жазады. Көршілес Беларусь елінде ресейлік әскер «оқу-жаттығу» үшін жиналған деген мәлімдемеге де күдікпен қарап отыр.

Ал Лавров «Ресей Украинаға басып кіру үшін себеп іздеуде» деген АҚШ-тың пікірін жоққа шығарып, мұны «жалған ақпарат» деп мәлімдеді.

Блинкеннің Киевке сапары Берлинде неміс, француз және британдық әріптестерімен өтетін келіссөздер қарсаңында «АҚШ-тың Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдайтынын дәлелдеу» әрекеті ретінде сипатталды.

Сейсенбіде Мәскеуге барған Германияның сыртқы істер министрі Анналена Бербок бұдан әрі әскерді күшейтсе «Ресей экономикалық, саяси және стратегиялық тұрғыда жауап беру керектігін» ескерткен.

Украинаның қорғаныс министрі болса Батыс елдерді тез арада Мәскеуге жаңа санкциялар жолдауға шақыруда. ВВС арнасының «Hard Talk» бағдарламасында Ресей елге басып кірсе қантөгіс басталып, Еуропаға бет алған босқындар санының артуы мүмкін екенін айтты.

Сейсенбіде британ министрлері Мәскеуді мыңдаған адамның өмірін қиюы мүмкін қақтығысты болдырмау жолын қарастыруға шақырған кезде, Ұлыбританиядан жеңіл танкіге қарсы зымырандар Киевке жеткізілді.

Осы аптада жарияланған мәлімдемеде Ұлыбританияның қорғаныс министрі Бен Уоллес Ресейді Украинаға басып кіруге себеп ретінде НАТО-ны пайдаланып отыр деп айыптап, президент Владимир Путинді «этно-ұлтшылдық» үшін айыптады.

Түпнұсқадан аударып, дайындаған

Аслан НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: