Жексенбі, 30 маусым, 19:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51-2061
29.06.2024
PDF мұрағаты

Мемлекет басшысы Қылмыстық кодекстен Тұңғыш Президент туралы бапты алып тастайтын заңға қол қойды

12.07.2023

440 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қылмыстық кодекстен Тұңғыш Президент туралы бапты алып тастайтын заңға қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тұңғыш Президентке тіл тигізгені үшін қылмыстық жауапкершілікті болдырмайтын норма «Заңсыз алынған мүлікті мемлекетке қайтару туралы» заңға ілеспе заңдарға енгізілді.

Мұндай заңдардың күшiне енуiне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес жарияланғаннан кейiн 60 күн өткен соң қолданысқа енгiзiлетiн азаматтардың құқықтары мен мiндеттерiне қатысты ережелердi қоспағанда, олар жарияланғаннан кейiн 10 күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Айта кетсек, Тұңғыш президент туралы заңда Елбасының иммунитеті туралы бап бар, оған сәйкес оны ұстауға, қамауға алуға, тінтуге, жауап алуға немесе жеке тінтуге болмайтын. Тұңғыш Президенттің – Елбасының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің жекеменшігіндегі мүлікке, сондай-ақ ол құрған заңды тұлғалардың мүлкіне шектеулер қойылмайды.

Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» ҚР Конституциялық заңының жобасын қарайтыны белгілі болған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: