Сәрсенбі, 08 мамыр, 09:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Баспана мен медициналық көмек басты қажеттілік

04.04.2023

607 0

Тұрғындармен кездесуден соң қала әкімі Асылбек Шәменов «AMANAT» партиясының қалалық филиалында тұрғындарды қабылдады.

 «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасымен тұрғын­дардың жеке мәселесі бойынша қабылдауға құқық саласының бас­шылары да қатысты. Қабылдауға келген қызылордалықтардың басым бөлігі тұрғын үйге мұқтаж. Олар баспана алу жолдарын сұрап, тұрғын үй кезегіндегі кейбір мәселелерді қозғады. Сондай-ақ кездесуде мүм­кіндігі шектеулі азаматтар денсаулық жағдайына байланысты медициналық көмек қажет екенін айтса, жұмыссыз азаматтар екі қолға бір күрек табылса деген тілектерін жеткізді.

Жалпы қала әкімінің қабылдауына көпбалалы аналар, мүгедектігі бар азаматтар мен жұмыссыздар сана­тымен 70-ке жуық тұрғын келді. Одан өзге 82 азаматтың өтініші қаралды. Оларды толғандырған жоғарыда аталған жайттар. Шаһар басшысы негізгі мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Ал құқық қорғау саласының мамандары өз кезегінде келушілерге заң аясында кеңес беріп, түсіндірме жүргізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: