Сейсенбі, 23 шiлде, 22:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58-2068
23.07.2024
PDF мұрағаты

Ауызсу мәселесін шешуде 23 жоба жүзеге аспақ

24.07.2023

375 0

Биыл облыста «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» және «Ауыл ел бесігі» бағдарламалары бойынша 23 жоба жүзеге асырылмақ. Бүгінде аймақтағы 230 елді мекеннің 98,1 пайызында ауызсу мәселесі оң шешім тапқан. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу межесі тұр. Жобаны жүзеге асыру барысында жыл соңына дейін ауыл халқының 98,4 пайызы таза ауызсумен қамтылады деп күтілуде.

Алдағы бес жылда халықты 100 пайыз таза ауызсумен қамтамасыз ету Мемлекет басшысының тап­сырмасы. Соған сәйкес биыл облыста 23 жоба қолға алынған. Оның 14-і биыл орындалуы тиіс. Нәтижесінде 163 шақырым ауызсу, 6 шақырым кәріз желілері, 4 дана су кешені, 12 дана кәріздік насос станциялары жаңартылып, 7 ұңғымаға бұрғылау жұмыстары жүр­гізіледі деп жоспарлануда.

Ал қала тұрғындарына қазіргі таңда 70 ұңғыма арқылы тәулігіне – 54,0 мың текше метр және «Бас тоған» су станциясы арқылы – 53,8 мың текше метр, барлығы 105,8 мың текше метр ауызсу берілуде.

– Бүгінде қаламызда құрылыс қарқын алуына 2019 жылдан бастап тұрғындарға ауызсу жер үсті және жер асты су алу көздерінен берілуде. Былтыр Сырдария өзенінен – 4,7 млн. текше метр су алынса, ал ауызсу ұңғымаларынан – 14,7 млн. текше метр су қажеттілікке өтелді. Тұрғындарға беріліп жатқан ауызсу сапасы зертхана мамандарымен күнделікті тексеріледі. Сондай-ақ қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен қадағаланады. Өздеріңіз білетіндей, жаз мезгілінде тұрғындардың суға деген қажеттілігі артады. Осының әсерінен көпқабатты тұрғын үйлерде ауызсу қысымы төмендеп, тұрғындар тарапынан шағым көбейеді. Сондықтан суды барынша үнемдеп тұтынуға шақырамыз, – дейді қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай.

Соңғы жылдары су тапшылығы өзекті мәселеге айналып, мамандар суды үнемдеп пайдалануды ескертуде. Бұл ретте «Қызылорда су жүйесі» КММ директорының міндетін атқарушы Нұрлан Өтепов мекеменің орталық ауызсу жүйелеріне қосылған 84 мыңнан астам тұтынушыға қызмет көрсететінін айтады. Мекеме теңгерімінде 908,07 шақырым ауызсу жүйесі, 105 ұңғыма, 10 дана ІІ-ші су көтеру насос станциялары, 67 бірлік кәріз насос станциялары, 453,24 шақырым кәріз су жүйесі бар. Облыс тұрғындарын сапалы ауызсумен үздіксіз қамтамасыз етуде аталған мекеме мамандары тұрақты бақылау жасайды.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: