Жексенбі, 30 маусым, 22:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51-2061
29.06.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада ұрлық жасаған күдікті бейнебақылау камерасына түсіп қалды

25.07.2023

255 0

Қызылорда қалалық Полиция басқармасына  66 жастағы қала тұрғыны ұрлық дерегі бойынша арызданған.Оқиға  22 шілде күні күндізгі уақытта орын алған. Белгісіз азамат оның жеке үйінің аумағына кіріп, «STEELS» велосипедін ұрлап кеткен.  Күдіктінің әрекеті  бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде «ізін суытпай» бұрын сотты болған 47 жастағы тұрғын ұсталды. Ұрланған мүлікөз иесіне қайтарылды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 188-бабының 1 – бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру əрекеттері жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның мән-жайларын анықтауда.

Қызылорда  қалалық Полиция басқармасының  баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: