Сейсенбі, 07 мамыр, 22:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Тарихи мекеменің қорында 65 мыңнан астам экспонат сақталған

31.07.2023

401 0

               Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі – Сыр өңірінің 85 жылдығынан сыр шертетін асыл қазынаның ордасы болып табылады. Осыған орай, Сыр елінің 85 жылдығы аясында алғаш рет «Алтын киімді Ұлы дала» атты көрме ұйымдастырылып, қасиетті мекендегі құнды жәдіргерлер жұртшылыққа таныстырылды. Бүгінде облыстық музейдің қорында өлке тарихы мен мәдениетіне қатысты 65 мыңнан астам экспонат сақтаулы. Сондай-ақ мұнда екі мыңнан астам әйгілі Хорезм археологиялық-этнографиялық бұйым бар. Бүгін Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Сапар Көзейбаев аталмыш мекеменің жұмысымен таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

          –Бүгінде облыстық музей қорындағы құнды экспонаттарды цифрландыру және қолжетімділігін арттыру мақсатында «АС-Музей» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі орнатылды. Сонымен қатар Қызылорда облысының 85 жылдығы аясында жыл басынан бері мәдени, тарихи-танымдық шаралар мен «Музей энциклопедиясы», «Тарих көмбесі», «Тұлғатану», «Бір әулеттің тарихы», «Тарихтағы сандар», «Музей радиосы», «Жас өлкетанушы», «Бұл үйде, кім тұрған?!» атты музейлік жобалары жүзеге асуда. Бұдан бөлек, Сыр өңірінің тарихы мен мәдениетін, көненің көзіне айналған жәдігерлерімізді Арқа жұртшылығына таныстыру мақсатында Қараған облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Сыр өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі» атты көрме ұйымдастырылды. Ал Маңғыстау облыстық музейінде зергерлік бұйымдар коллекциясынан «Сыр өңірінің зергерлік өнері» тақырыбында этнографиялық көрме ұйымдастырылды. Алдағы уақытта ортағасырлық Сығанақ қалашығынан табылған археологиялық материалдар негізінде сақ жауынгерінің реконструкциясын дайындау жоспарланып отыр, – деді Сапар Көзейбаев.

          Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: