Сейсенбі, 23 шiлде, 20:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58-2068
23.07.2024
PDF мұрағаты

Тексеру тобының бір күндік атқаратын қызметі

26.07.2023

285 0

 Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі депортаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінің Режим және Күзет бөлімінің бір күндік қызметтері қарбаласқа және түрлі оқиғаларға толы. Атап айтқанда,  тексеру тобының жедел уәкілі әділет майоры Абсадыков Сантай Кеңесұлының бір күндік атқаратын  жұмысы.

  • Режим және күзет бөлмінде қызмет атқарып келе жатқаныма биыл 15 жыл болады. Осы аралықтар ішінде ұжыммен тіл табысу, өзгеде сырттан келуші азаматтар мен тығыз жұмыс жасау біздің басты міндетіміз. Қызмет барысында түрлі қиындықтар кездессе де, мойымай адал қызмет атқаруға тырысамыз. Біздің РжКБ яғни, Режим және Күзет бөлімі мекеменің негізгі тірегі деседе болады. Өйткені  біздің бөлім қызметкерлері мұнда түскен  әрбір қылмысқа тартылған азаматтың жүріс-тұрысын тәулік бойы қадағалайды: үй-жайларында, оқу және мәдени, спорттық іс – шараларды өткізу кезінде, ұйқы сол сияқты сотталғандардың жеке уақыты кезінде. Мекеме аумағында жазу жүргізетін видеокамералар орнатылған, ол жазаны өтеу тәртібін бұзатындарды анықтау және қадағалауына ықпал етеді.
    Бекітілген уақытқа сәйкес, тәулік тізімдемеге қадағалауы негізінде мекеме қызметкерлерімен мекеме аумағын және оған қарасты аумақта тексеріс жүргізеді. Мекемеге келген әрбір қызметкер болсын, өзгеде азаматтар болсын мекеме аумағына тиым салынған заттарды алып тексереміз. Немесе жеке басына қажетті заттары болса белгіленген арнайы орындарға қойып кетеді. Қандай да бір тиым салынған зат табылған жағдайда  сот үкіміне жолдаймыз. Біздің тергеу мекемесінде заң талаптарын бұзып, қылмысқа тартылған азаматтар ұсталынады.  Яғни: күдіктілер, сот үкімін күтіп отырған айыпталушылар мен сот үкімін шығып жаза мерзімін алған сотталған азаматтар ұсталынады.
  • Сондай-ақ, мекемеде кәмілетке толмағандардан бастап зейнет жастан асқандарға дейін отырады. Мекеменің  міндеті осы азаматтарды ұстау, қадағалау, күзету болып табылады. Бұл азаматтардың мекемеге түскен күннен бастап төсек орын жабдығы, тамағы, денсаулығы, тіптен тәртібі мен тәрбиесін және жауапкершілігін қадағалау біздің басты міндетіміз,  -дейді РжКБ тексеру тобының жедел уәкілі әділет майоры Сантай Кеңесұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: