Сәрсенбі, 24 сәуiр, 01:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Cауд Арабиясы қазақстандықтар үшін қажылыққа бару рәсімін жеңілдетпек

28.09.2022

822 0

Сауд Арабиясының қажылық және ұмра министрлігі елордада өткен кездесуде қажылыққа бару жеңілдетілетінін айтты, деп хабарлайды Astana TV арнасы.

Министрлік қажылық жасаудың жаңа мүмкіндіктері туғанын айтып, “НУСУК” платформасымен таныстырды. Электрондық платформа арқылы қажылар қажет ақпаратты іздеп, түрлі қызметтерді қолдана алады әрі діни және мәдени тәжірибе жинайды. 

“Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы туризм күннен-күнге дамып келеді. Біз халыққа үш бағытта қызмет көрсетеміз. Туризм, қажылық және умраға саяхат жасауға болады. Қазақстандықтар көбінесе Мекке мен Мәдина қаласына барады. 2021 жылы 36000 адамға қажылық қызмет көрсетілді. Бұл көрсеткіш биыл одан да артады деп ойлаймын” – деді “НУКУС” ұйымының басқарушы директоры Фахд Хамидадин.

ЖақындаСауд Арабиясы мен Қазақстан арасындағы туристік бағыттарды дамыту бойынша бірнеше меморандумға қол қойылды. Елдер арасында әуе рейстерін көбейтіп, авиакомпаниялар жолаушылар тасымалын аптасына 8-ге дейін арттыруды көздеп отыр. Бұл – Қазақстандағы «ашық аспан» режимі аясында жүзеге асырылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: