Жексенбі, 30 маусым, 23:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51-2061
29.06.2024
PDF мұрағаты

39 жастағы ер азамат туған анасын өлтірді

04.08.2023

361 0

Оралдық тұрғын өз анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

3 тамыз күні түскі сағат 12:56 шамасында БҚО ПД Кезекші бөліміне Школьная көшесінде орналасқан пәтердің есік алдында үй иесінің денесінің жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

“Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері барып, 60 жастағы әйел адамның мәйітін тапты. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ізін суытпай осы іске күдікті ретінде 1984 жылғы азамат анықталып, ұсталды”, деп мәлімдеді БҚО ПД баспасөз қызметі.

Күдікті марқұмның психоневрологиялық мекемеде есепте тұрған ұлы екені анықталды. Оқиғаның болжамды себебі отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде болған.

Ер адам ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынды. ҚР ҚК 99-бабы бойынша айыпталушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: