Жұма, 19 сәуiр, 09:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада редактор Қалқабай Әбеновтің 100 жылдығына орай конференция өтті

30.10.2022

486 0

«Достық» үйінің мәжіліс залында «Сыр баспасөзіндегі 1960-1980 жылдар: редактор Қалқабай Әбеновтің рөлі» атты ғылыми-танымдық конференция өтті. 

Модератор облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов. Облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов «Қаламгер-қайраткер Қалқабай Әбеновтің өмір жолы мен қайраткерлік қарымы» тақырыбында баяндама жасады. «Журналистік шеберлік және дәстүр сабақтастығы» тақырыбында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ғабит Тұяқбаев баяндады. Ал «Сыр медиа» ЖШС бас директоры, Қазақстан Журналистер Одағының облыстық филиал төрағасы «Сыр бойы» газеті және деректер дәйегі тақырыбында редактор еңбек еткен жылдардағы тарихи оқиғаларға тоқталып, оған қосқан редактордың үлесін айрықша атап өтті.

Облыстық тарихи өлкетану музейі қор бөлімінің меңгерушісі Аманкүл Нұржанова «Қалқабай Әбенов музейде болған жылдар» тақырыбында өткен күндерден ерекше сәттерді ортаға салды.

Басқосуда қаламгер Қалқабай Әбенов туралы ардагер-журналист, Қазақстанның Құрметті журналисті Қайырбек Мырзахметұлы, қоғам қайраткері Шәкізат Төребаев естеліктерімен бөлісті.

конф.jpg

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: