Сейсенбі, 23 шiлде, 02:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

Шенеунік 23 мемлекеттік пәтерді туыстары мен жақындарына арзан бағаға сатып жіберген

11.08.2023

637 0

Алматыда шенеунік 23 мемлекеттік пәтерді туыстары мен жақындарына сатып жіберген. Медеу ауданының №2 аудандық соты «Қала әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны» ЖШС директорына қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Қала әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны» ЖШС директоры Руджан Байтасов  жалпы нарықтық құны 754 997 963 теңге болатын пәтерлерді төмендетілген бағамен  – бар болғаны 366 953 430 теңгеге сатқан.

Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 388 миллион теңгеден астам қаржыны құрады.

15 маусымда аудандық сот шенеунікті төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталған шенеунік мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылады. 

«Байтасов Руджан Қайдарұлы ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабының 4-бөлігінің 3-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, осы бап бойынша Ұлттық Банкте және оның ведомстволарында, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган, мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері,қызметке, судьяларға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында,азаматтық қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салумен қатар төрт жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын»
делінген үкімде.

Алайда жауапкер апелляциялық шағым түсірген. Іс Алматы қалалық сотына жіберілді. Жаңа сот отырысы 15 тамызға белгіленді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: