Дүйсенбі, 07 қазан, 06:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79-2089
05.10.2024
PDF мұрағаты

Әкім неге толқыды?

22.01.2021

7024 0

Жылдағы дәстүрмен жыл басында барлық деңгейдегі әкімдер халық алдында есеп береді. Қармақшы ауданы Ақжар ауылдық округінің әкімі Нұржамал Бектайқызы өзінің «Facebook»-тегі парақшасында биыл халық алдында бірінші рет есеп беретінін жазыпты. Ауыл әкімінің жазбасындағы «Ауылға келгеніме 8 ай болды. Не істей алдым? Халық алдында жүзім жарқын болуы тиіс қой» дегені бей-жай қалдыра алмады. Елге қызмет етіп жүрген барлық әкім есеп беру алдында өзіне осындай сұрақ қойса, елді жалықтырған есепті кездесулер басқаша өтер ме еді, бәлкім?! Ауыл әкімінің жазбасы өзге әріптестеріне ой салған шығар…

«Əкімдер есеп береді…

Ия, дəл осы жағдайды бірінші рет басымнан кешпекпін. Толқу бар. Ауылға келгеніме 8 ай болды. Не істей алдым? Ең бастысы халықтың алдында жүзім жарқын болуы тиіс қой

Ауылымда 2000 – нан аса халық бар. Оның тең жарымы еңбекке қабілетті. Ірі 2 шаруашылық, 3 ұсақ шаруашылық егінмен айналысады.

Ауылда 100 кəсіпкер тіркелген, оның 92 – сі кəсібін жүргізіп отыр. Дегенмен əлі де кəсіби бағдар керек – ақ.

Сонымен, əкімнің тікелей жұмысына кіретіні əлеуметтік сала.

– ауылдағы дəрігерлік амбулатория.

Типтік емес, жеке үй ғимаратына орналасқан. Қажеттілік жөнінде тиісті органдар хабардар. Аудан əкімдігі де жіті назарда ұстап отыр. Бір қуантатыны ауылдық медицина қызметкерлерінің ауызбіршілігі, қызметтеріне жауапкершілігінің нəтижесінде, пандемиядан аман шықтық. Қазір де қатаң талаптарды сақтап, үй стационарларын көптеп ұйымдастыруда. Бұл дегеніңіз – оқшаулану.

– БАЛАБАҚША. типтік, кеңестік дəуірде салынған. Жүгіріп жүріп, бір рет күрделі жөндеу жасатсақ, ауылымыздың 3-6 жас аралығындағы 119 бөбегін қамтуға қабілеті жетеді.

– МЕКТЕП. Жасыра алмаймыз мектебімізге 50 жыл бола қойған жоқ. Дегенмен күрделі жөндеу аса қажет. Бала дəріс алатын орынның жарқырап тұрғанының өзі – эстетикалық тəрбиеге жатады. Мектебіміз жылы. Дəл қазір 13 сынып карантиндік талапты сақтап, оқып жатыр.

– АУЫЛДЫҚ КЛУБ. «Сəрсенбай Бөртебайұлы» атындағы клуб үйі жаңа. Жыл таңдауы «Үздік клуб – 2020» номинациясын жеңіп алған.

-Ауыз су, аяқ су мəселесі шешілген.

– ауылдың пысық келіншектерінің «Тігін цехы», «кондитер цехы», «сұлулық салондар» жұмыс жасап тұр.

2021 жылға не жоспарлап отырмыз?

– ауыл тұрғындары үшін 103 га жерге бақша егу;

– мал басын барлық түрінен көбейту, ол үшін жеңілдетілген несиелерді алу жолдарын жасау:

– қоғамдық монша ашу;

– «жасыл белдеуді» жүргізу;

-спорттық алаң ашу;

– машина жөндеу шеберханасын салуға ықпал жасау;

– жастарды кəсіпкерлікке баулу, ол үшін мемлекеттік тегін гранттарға мүмкіндік ашу;

– ауыл келбетін көркейту;

– «əр отбасыға – 10 тал» қағидасын жүзеге асыру;

– мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жұмыс жасау (дəл осы жобаны атамай кетемін, себебі өзге ауылдар білмесін дегенім … деп жұмбақтап қояйын);

ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ОЯТУ. Біз ұрпағымызға кім екендігімізді ұғындыруға жұмыс жасауды аманат деп білуіміз керек. Ол үшін:

– ұлттық дəстүрдегі қолөнер кəсібін жаңғырту;

– ат спортын дамыту;

– жастар белсенділігін көтеру;

– «Аталар ізі» жобасын іске асыру;

– Аналар мектебін дамыту….

тағы да басқа көптеген ойларымыз бар.

Достар, бір постта бəрін қамту мүмкін емес. Маған ой қосам деген жандар болса, қуана қарсы аламын.

Сіздерге деген құрметпен,

Ақжар ауылдық округі əкімі

Нұржамал Бектайқызы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: