Жұма, 29 наурыз, 18:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Жасөспірімдер жазда жұмыс істегені үшін қанша жалақы алады?

06.06.2023

443 0

Көбінесе жасөспірімдерге еңбек шартына тіркелмейтін жұмыс ұсынылады.

Жасөспірімдер мен университет түлектері жазда көбінесе промоутер, курьер, байланыс орталығының операторы, репетитор, күтуші және т.б. болып жұмыс істейді. Бұл туралы Hh.kz сайтының сарапшылары мәлімдеді.

Мамыр айында Қазақстанда жасөспірімдерге 200-ге жуық бос жұмыс орны ұсынылған. Ұсынылған орташа жалақы – 70 мың теңге. 

«Жасөспірімге еңбек шарты бойынша тіркелмейтін жұмыстар ұсынылуы мүмкін. Мұндай кезде абайлау керек. Келісім-шартсыз жұмыс істегенде кейбір жұмыс беруші баланы алдап, ақша төлемеуі мүмкін», – делінген хабарламада.

Сарапшылардың айтуынша, университет түлектері жаңадан келген маман ретінде орта есеппен 210 мың теңге алғысы келеді. Бірақ жұмыс берушілер университет түлектерінің талапқа сай келмей, жоғары жалақы талап ететініне шағымданады.

«Жұмыс берушілер біліктілігі жоқ жас мамандарды жұмысқа қабылдауға дайын. Орта есеппен университет түлектеріне  кәсіптік саласына байланысты 90-нан 260 мың теңгеге дейін жалақы беріледі. Елімізде сату, (сату бойынша менеджер), IT және жылжымайтын мүлік саласында ең жоғары жалақы төленеді», – делінген хабарламада.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: