Сейсенбі, 23 шiлде, 04:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

«Құрбысымақтардан шаршадым»: Әнші Бақыт Шадаева

15.08.2023

425 0

Белілі әнші Бақыт Шадаева тік мінезі үшін әріптестеріне жақпайтынын айтып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 “Сізді «стерва» санайтындар да аз емес сияқты” деген сауалға әнші: “Негізі бойжеткен күнде анама тартқан биязы мінез иесі едім. Бірақ өнердегі кей адамдардың екіжүзділігі мені темірдей қатайтты. Бүгін бетіме күліп отырып, ертең ту сыртымнан түрлі сөз айтатын құрбысымақтардан шаршадым. Біздің өнерде хамелеондар өте көп. Сондайлардың әрекетіне күйінгендіктен, бетке айтып салатын болдым. «Турасын айтсаң, туғаныңа жақпайсың» деген. Десе де біреуге ұнау үшін екіжүзді болуға тырыспаймын. Ұнатса да, ұнатпаса да бар қалпым осы”, – деп жауап берді.

Сондай-ақ, Бақыт Шадаева басқа әріптестері сияқты пластикалық отаның көмегіне жүгініп көрмегенін айтты.

“Мен сіз меңзеп отырған пластикалық отаны қойып, косметологтың көмегіне де сирек жүгінемін. Ата-анам мені бала күнімнен тазалыққа баулыды. «Балам, ішіңмен қатар сыртың да таза болсын» деп отыратын. Сол себепті әрдайым үйімді де, өзімді де, ішер асым мен киер киімімді де мұнтаздай таза ұстауға тырысамын. Сосын алдыма не келсе соны жей бермеймін. Соның жемісі болар, мені көргендер таң болып жатады”, – дейді өнер иесі.

Бұған дейін Бақыт Шадаева хиджаб киген әріптестеріне қатысты пікір білдірген болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: