Сенбі, 20 сәуiр, 03:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Елімізде алдағы күндері қар аралас жаңбыр жауады

02.11.2022

635 0

“Қазгидромет” мамандары алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктер ел аумағында тұрақсыз ауа райы орнайтынын мәлімдеді.

Алдағы күндері Қазақстанда аз жылжымалы солтүстік-батыс циклоны әсерінен тұрақсыз ауа райы орнайды деп күтіледі. Салдарынан жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. 4 қарашада түнде және 5 қарашада солтүстік-батыста, 4 қарашада күндізгі уақытта солтүстікте, оңтүстік және оңтүстік-батыс аймақтың таулы және тау бөктерлі аудандарында 5 қарашада тәулік бойы қатты жауын-шашын болады деп болжанды.

Республика бойынша тұман, көктайғақ, солтүстік-батыс, солтүстік өңірлерде желдің күшеюімен бірге жаяу бұрқасын болжанады. Қазақстан бойынша температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: