Жұма, 03 мамыр, 07:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

35 жасқа дейінгілер «жастар» санатына кіреді – Мәжіліс заң жобасын мақұлдады

26.10.2022

809 0

Елімізде «жастар» ұғымының жас шегі 35 жасқа дейін жеткізіледі. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Жәмилә Нұрманбетова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, бұл норма «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында қамтылған. Палата депутаттары осы құжатты екінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасы мемлекеттік жастар саясаты саласын жетілдіруге, қоғамдық қатынастарды кешенді реттеудің тиімді құқықтық негізін қалыптастыруға, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, жастардың дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

«Заң жобасымен жұмыс барысында депутаттар «жастар» ұғымының жас шегін 29-дан 35 жасқа дейін ұлғайтуға бағытталған түзету енгізді. Бұл – жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға ықпал етеді. Жергілікті атқарушы органдарға жастарға жеңілдікпен жалға берілетін тұрғын үй тапсыру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру бойынша жаңа құзырет беруге бағытталған түзетулер енгізді», – деді Жәмилә Нұрманбетова

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: