Сейсенбі, 30 сәуiр, 22:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Ерте қартаюға әкелетін тағамдар анықталды

26.11.2020

874 0

Диетолог Елена Соломатина ерте қартаюға әкелетін өнімдерді анықтады, деп хабарлайды «Вечерняя Москва» басылымы.

Диетологтың айтуынша, майға термиялық өңделген кез келген тамақ канцерогенді (қатерлі ісікке әкелетін қоршаған ортадағы заттар-авт.) қалыптастырады. Ал ол өз кезегінде коллагенді, дәнекер тінінің негізін құрайтын ақуызды зақымдайды. Коллаген мөлшері терінің серпімділігіне әсер ететіні белгілі.

Адамның өмірін қысқартатын өнім белгілі болды

«Зиянды тағамдарды пайдалану кезінде тері босап, көп ұзамай әжімдерге толады», – деп түсіндірді дәрігер. Сәйкесінше, ақуыздың болмауы терінің бастапқы серпімділігі мен тегістігін қалпына келтіруін қиындатады.

Маман жас мөлшері өзгерістерінің алдын алу үшін зиянды тағамдардан бас тарту және диетаны коллаген бар өнімдерге толықтыруды, сондай-ақ стресстік жағдайлардан аулақ болу керек екенін анықтаған.

Шілде айында Эдинбург университетінің ғалымы, доктор Рупи Ауйла (Rupy Aujla) терінің денсаулығы мен жас болуын бүкіл дененің денсаулығын бақылау арқылы қолдауға болатындығын айтты. Оның айтуынша, антиоксиданттар, коллаген және минералдардың көп мөлшері бар тағам бүкіл денені қалпына келтіруге көмектеседі. Яғни әртүрлі көкөністер мен жемістерді пайдалану терінің жастығын сақтауға көмектеседі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: