Жұма, 29 наурыз, 05:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қаназдық – тамақ пен шайды қатар ішуден

17.02.2021

2106 0

Қазақ тағамтану академиясының жетекші ғылыми қызметкері, медицина ғылымының кандидаты Майгүл Қайнарбаеваның айтуынша, аяғы ауыр келіншекке темір микроэлементі өте қажет. Ал қазақтың ұлттық тағамы – қуырдақ мұндай пайдалы элементке бай. Бұл жайлы Massaget.kz тілшісі хабарлайды. 

Тағамтанушы маманның айтуынша, Қазақстандағы әйелдердің көбінің ағзасында темір мен йод жетіспейді. Әсіресе, 49% әйел затының ағзасында темір элементі аз.

Бұл дегеніміз – елдегі нәзік жандылардың жартысы темір элементінің жетіспеуінен зардап шегеді деген сөз. Сондықтан заңнамада босанар келіншекті тіркеуге қою қатаң бекітілген. Сол арқылы әйелдерді тексеріп, йод пен темірдің мөлшерін анықтауымыз керек. Темір жетіспейтін әйелде анемия болады. Босанғанға дейін болашақ ана ағзасын фтор (темір) элементімен толықтырып үлгермесе, баласы да анемиямен туады. Ал анемиямен туған баланың жады нашар, иммунитеті әлсіз, аурушаң келеді. Ондай баланың оқу үлгерімі де нашар болады, – деп түсіндіреді Майгүл Қайнарбаева.

Маман қыз-келіншектерді темір элементі бай тағаммен көбірек тамақтануға шақырды. Әсіресе, қуырдақ темірге бай көрінеді.

Қуырдақ – керемет дәмді тағам. Малдың өкпе-бауырынан жасалады. Ал өкпе-бауырда темір өте мол. Сондықтан аналарымызға қуырдақты көбірек жеуге кеңес берер едім. Бірақ ескерер бір нәрсе бар. Шайды қуырдақпен, етпен бірге ішуге болмайды. Өйткені шайдың құрамындағы кофеин мен танин элементі, сүттің құрамындағы кальцинат темірді ыдыратып жібереді. Біздің қыз-келіншектердің жартысында темір жетіспейтіні содан. Қазақтар етпен бірге қою сүтті шай ішеді. Бұл дұрыс емес. Шайды тамақтанып болған соң, 40 минут не 1 сағаттан кейін ішу керек. Оған дейін тамақ қорытылып, микроэлементтер ағза жасушасына жетіп үлгереді, – деп түсіндіреді нутрицитолог маман.  

Дереккөз: Massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: