Жұма, 29 наурыз, 01:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Әлемдегі ең биік сүтқоректі

21.08.2021

2730 0

Әлемдегі ең биік сүтқоректі – ұзындығы 2 метрден асатын, шоқтығына дейінгі биіктігі 3 метрге жететін, жерден басының төбесіне дейін 5-6 метр болатын керік. Ол жұп тұяқты күйіс қайтаратын жануардың бір тұқымдасы. Орталық, Шығыс Африканың оңтүстік аймағындағы бұталы, сирек орманды, жазық далалы жерде мекендейді.

Керіктің салмағы 500-1000 келіге дейін тартады. Басы онша үлкен емес, мойны өте ұзын, бірақ омыртқасының саны – жетеу. Бір не екі жұп түкті мүйіздері болады. Тұлғасы қысқа, әрі мығым, алдыңғы аяқтары артқы аяқтарынан ұзын әрі мықты. Керіктің жүрегі сүтқоректілердің ішінде ең үлкені болып саналады. Ол минутына 60 литр қанды өткізіп, жүрегінің қысымы адамдыкінен 3 есе жоғары болады.

Жалпы түсі ашық сары, қара қошқыл дақтары болады. 10-12-ден топтанып, күндіз жайылады. Негізінен акацияның бұтақтарымен, жапырақтарымен қоректенеді. Керіктер тұрып төлдегендіктен бұзауы 2 метр биіктіктен құлап туады. Жаңа туған төлдің бойы 1,8 метр, ал салмағы 50 келідей болады. Оны 6 айдай емізеді.

А.БІРКЕНОВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: