Жексенбі, 07 шiлде, 13:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№53-2063
06.07.2024
PDF мұрағаты

Экс-әкім 10 жылға бас бостандығынан айырылды

25.08.2023

471 0

Түркістан, Кентау қалаларының бұрынғы әкімі Рашид Аюпов 10 жылға сотталды. Астана қаласының ауданаралық соты осындай үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сот шешімі бойынша ол орташа қауіпсіздік колониясына 10 жылға қамалады.

Сондай-ақ оған мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды. Бұдан бөлек, экс-әкімге шығындарды өтеу міндеттелді және мүлкін тәркілеу туралы қаулы шығарылды.

Тергеу мәліметтері бойынша, Аюпов 2013 жылы премьер-министр кеңсесінің қызметкері болған кезінде жеке компанияның иесін жауапты лауазымды тұлғаларға аса ірі мөлшерде пара беруге көндірген. Сол арқылы кәсіпкер құрылыс тендерін жеңіп алуы керек болған.

Бұған дейін Аюпов 2022 жылғы 17 қазаннан бастап Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №64 аралас қауіпсіздік мекемесінде отырғаны хабарланған.

Аюпов әкім болып тағайындалғанға дейін 2022 жылдың 25 ақпанында Алматы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Махажановқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол 98 500 доллар пара алды деген күдікке ілінді.

2022 жылғы 11 наурызда Рашид Аюпов Кентау қаласының әкімі болып тағайындалды. Оған дейін Түркістан облысы әкімінің орынбасары болған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: